Сенбі, 23 Қараша 2024
1649 2 пікір 8 Маусым, 2023 сағат 15:58

Биыл Қазақстанға қанша турист келеді?

«Қазақтуризм» компаниясы биыл елімізге 1,4 млн турист келуі мүмкін екенін хабарлады.

Қазір ішкі туристер саны 8,6 млн адамға жетті. Компанияның мәліметінше, былтыр ішкі туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға артып, 8,6 млн адамға жеткен. Бұл – пандемияға дейінгі деңгейден 2 млн адамға артық (2019 жылы 6,7 млн адам).

Компанияның хабарлауынша, қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар мен басқа да демалыс орындары 182,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл тиісінше 2021 және 2019 жылдарға қарағанда 70 млрд және 60 млрд теңгеге артық.

2022 жылы 284 жаңа орналастыру орны пайда болды. Ал олардың ел бойынша жалпы саны 4 мыңға жуық. Біржолғы сыйымдылығы 203 мыңнан аса төсек-орын бар. Ол 10 мыңға көбейді.

Визасыз режимнің жаңа елдер енгізілгеніне, жаңа халықаралық рейстер, елді ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың іске қосылуына байланысты шетелдік туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге артқан. Компанияның мәліметінше, 2021 жылы шетелдік туристер саны 329,8 мың адам болған.

Ал жақында елімізге Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы аясында Kazakh Tourism қолдауымен 14 журналист пен блогерлерден тұратын Society of American Travel Writers (SATW) делегациясы келді.
SATW - ең тәжірибелі журналистер, фотографтар, редакторлар, блогерлерден, бейне мен фильм, хабар тарату продюсерлері, веб-сайт иелері, қоғаммен байланыс мамандарынан тұратын АҚШ, Канада және басқа елдердің қонақжайлылық индустриясы туралы хабар тарататын кәсіби ұйым. Бұл ұйым 1955 жылы құрылған. Оның 1000-нан астам мүше өкілдері бар.

Бағдарлама бойынша делегация әр түрлі топтардың құрамында Шымбұлақ, Ой-Қарағай, Аюсай, Шарын шатқалы, Алтын Емел, Көлсай, Қайыңды көлдері және басқаларын қоса алғанда, Алматы мен оның маңайындағы көрнекті туристік нысандарды аралады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377