Ерке қыздарымыз неге ерте бойжетіп жүр?
Соңғы кезде елімізде (Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) 18 жасқа дейінгі «бойжеткендердің» ана атануы жиілеп кетті. Қылықты қыздарымыздың құрыққа түсуінің себебін анықтау мақсатында «Айқынның» фейсбуктағы парақшасында талқы ұйымдастырылды.
Талғат Бердияров: Ол үшін мектептегі медицина қызметкерлері жарты жыл сайын қыздарды тексеріп, тексеру нәтижелерін ата-аналарына хабарлап тұруы тиіс. Жаман жолға түскен қыздарға заң жүзінде айыппұл тағайындау керек.
Ruslan Zhangazy: Қазақ мектептерінде «Ана болу өнері» пәнін енгізу керек.
Еркін Ерғалиев: Осындай ащы мәселені көтергендеріңізге алғыс айтамын! Осы мәселеде екі себеп бар деп ойлаймын. Бірінші, объективтік себеп: қазақ қоғамы дағдарыстан шыға алмай жатыр. Ал екінші, субъективтік себеп: ол «элитамыздың» болашаққа сенбеуі.
Маржан Марат: Мектепте ана болуды үйреткеніміз нағыз мазақ! Колледж, университетте болса, бір сәрі.
Алпамыс Күшкінбаев: Кей-бір әжелеріміз мектептерге барып, кездесулер өткізудің орнына «гангам стайл» билеп, «бурановские бабушкиге» еліктеп жүр...
AiJan Sonya: Әсер ететiн фактор көп. Мысалы, «Фейсбук», «Вконтакте» сияқты әлеуметтік желілер де қыздардың ерте есеюіне себепші.

Лариса Жұмай: Ең басты қателік – ата-ана мен қоғамдағы тәрбиенің төмендігі. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Дегенмен 18 жасқа толғанша қызына қалаған дүниесін әперіп, үлде мен бүлдеге орап қояды. Тойынған адам не істемейді?! Кез келген жерге барса, көретін дүниесі жаман кино. Сыртына «18 жасқа толмағандарға тыйым салынады» деп жазып қояды. Бірақ ешқандай бақылау жоқ. Адам санасын өзгертетін дүниелерді көрсетуді, жариялауды тоқтату керек!
Әйгерім Мақажанова: Сіңлілеріме жаным ашиды... Ұлтымыздың ұйытқысы болар болашақ ана екенімізді ұмытпайықшы, қыздар!
Несібелі Мәлік: Қыздардың бұзылуы, меніңше, жүрген ортасына, қасындағы құрбыларына байланысты. Көп дүние еліктеушіліктен туады. Ата-ананың да берген тәрбиесі бұл жерде үлкен рөл атқарады.
Қазбек Бейсебаев: Бұл – өте қауіпті мәселе. Кеңес заманында жастар «октябрят», «пионер» және «комсомол» арқылы үкіметтің бақылауында болды. Қазір олай емес. Үкімет өзінің негізгі жұмысын, яғни жастарды тәрбиелеуді ұмытпауы тиіс.
Сандуғаш Жұмабаева: Қазіргі 15-20 жастағы қыздарға қарап өзім таңғаламын, мен медицинада 6 жыл оқып әлі көрмеген, естімеген нәрселерді олар жақсы біледі.
ҮЗДІК ПІКІР
Қарлығаш Нұрбай: Қыз – өмірдің гүлі мен сәні, жыры мен әні. Сондықтан да қай ғасыр, қай заман болмасын атамыз қазақ қызын алақанына салып, мәпелеп отырған. Олардың тәрбиесіне де аса ыждаһаттылықпен көңіл бөліп, қыз тағдырының жарқын болуына назар аударған. Бүкіл ел боп қызының абыройы мен арын көңілі соқыр надандардан қызғыштай қорғаған. Тек қызын ғана емес, ұлының да қайратты, батыл, намысы берік, әрбір қазақ қызын қарындасындай аялап, ардақтап өтуіне зейін салған.
Ал бүгінгі таңда ұл менен қыз тәрбиесіне зер салайықшы. Кейбір балалар ата-ана тәрбиесінен тысқары қалып, жүгенсіз кетуде. Әсіресе, қазіргі қазақ қызының хал-күйі мен қадір-қасиеті қандай? Біз бүгінде қазақ қызының ары мен абыройын ардақтай білеміз бе? Кімді кінәлаймыз? Қазақ қызының шетелге өтіп немесе біреудің қолжаулығы болуына немқұрайды қараған сөзі жылмаң нәпсіқұмар жігітсымақтарды ма, әлде солардың қуыршағына айналған қыздарды ма? Батыстан келген ділді атадан қалған «ұлы мұрадай» қабылдап, ардақтаған қоғамды кінәлаймыз ба?
Бір-бірімізді кінәлаудан гөрі ізгіліктің иіріміне жол тартсақ, нұр үстіне нұр емес пе?! Ол үшін қандай шаралар жасау керек? Ол үшін ең алдымен қызды тәрбиелеу арқылы ұлды тәрбиелесек... Қай уақытта да біздер қыздарды кінәлап жататынымыз бесенеден белгілі. Орыстың ұлы жазушысы А.Чехов «Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірімді, жайдары болып келеді», – демекші, егер қызды инабаттылық пен имандылыққа, парасаттылық пен әдептілікке, қарапайымдылық пен мейірімділікке, адамгершілікке қарай тәрбиелесек, жүгенсіз кеткен немесе өзімсініп өзеуреген жігіттің де, жоғарыда атап өткен асыл қасиеттер тал бойынан төгіліп тұратын қыздарды көргенде, өзін-өзі тәрбиелері хақ. Біз қай уақытта болсын қыздарды әдепсіздік пен тәкаппарлықтан, басқа да жаман әдеттерден арылту арқылы өмірінің нұрлы да шуақты, болашағының жарқын болуына мүмкіндік жасауымыз керек. Қарап тұрсаңыз, өмірде болып жатқан жағымды дүниелер мен жағымсыз оқиғалардың барлығы тек қыздар, яғни әйелдер үшін жасалады екен.
Әрбір саналы азамат үшін әрбір қазақ қызы тағдырының бұлыңғыр, қараңғы болуы ұлтының ұлылығын жоғалтумен тең іспеттес. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Сондықтан әрбір бойжеткенді қарындасым деп бағалау – көрегенділіктің белгісі. Сөз соңында айтарым, жігіттеріміздің намысы берік болып, қыздарымыздың ары тапталмасын, ұлымыз ұятты, қызымыз абыройлы болсын, лайым!
Айдос ӘРІПБАЕВ
"Айқын" газеті