Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3755 28 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 16:08

Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге кім қарсы?

Ол кафедегі даяшыларды қуалап жүріп кешірім сұрату немесе дүкенге барып ұрыс шығару емес.

Мемлекеттік тілде бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер сөйлеу керек. Талапты депутаттарға, министрлерге, президентке қою керек, солар сөйлесін. Қалғандары жағдайды көргенде үйреніп шығады. Әзербайжанда, Өзбекстанда тіл мәселесі шешілмей қалған жоқ. Жас буынның барлығы сол тілде сөйлеп жүр.

Біздің билік тіл мәселесін қолдан жасап отыр. Өйткені бірде-біреуінің баласы қазақша сөйлемейді. 30 жылда 30 тіл үйренуге болар еді. Мәселе тілде емес, биліктің позициясында. Оған өзің секілді қарапайым, несиесін зорға төлеп, онсыз да теперіш көріп жүрген адамдарды айыптауға болмайды. Өзіңмен тең адамға зәбір көрсету дұрыс емес. Ал биліктен талап ету керек, себебі билік міндетті.

Ең болмағанда қазақ тілінде сөйлеуге міндетті лауазымдар тізімін енгізуге болар еді. Егер адам қазақ тілін білмей, жеке секторда жұмыс істесе толық келісер едім, ол оның өз еркі.

Мысалы Америкада ағылшынша білмейтін испандықтар, испанша сөйлейтін мексикандар өте көп. Бірақ АҚШ конгресменінің ағылшынша сөйлей алмағанын елестете аласыз ба?

Парламентке қазақша білмейтін адамдарды жібермесін. Бұл сайлауға түсу үшін қойылатын шарт болсын. (шешкісі келетін адам болса, отыз жылда тіл мәселесін шешуге болар еді... )

 

Дархан Әбдік

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292