Сенбі, 23 Қараша 2024
1383 1 пікір 20 Маусым, 2023 сағат 12:34

Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылмақ

Бұл туралы Ақордада Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Ең алдымен шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға арнайы сапармен келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін берері сөзсіз. Біз бүгін Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мырзамен келіссөздер жүргіздік. Екіжақты байланыстарды нығайту жолдарын талқыладық. Сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмастық», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, биыл Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 31 толды. Осы уақыт ішінде жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасты. Өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы кеңейді.

«Серіктестікті жандандыру үшін әлеуетіміз мол екенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл жобалар екі елдің студенттері мен мамандары арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Экономиканы, өндіріс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417