Сенбі, 23 Қараша 2024
1474 0 пікір 20 Маусым, 2023 сағат 12:56

Kaspi Bank бөлімшесін басып алған күдікті қамалды

Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесін басып алған күдікті 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мұрадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, 18 маусымда Оқиға «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына ер адам басып кіріп, мекеме ішіндегі 7 адамды кепілге алған.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Полицияның ер адаммен келіссөз жүргізу әрекеті нәтиже бермеген соң арнайы жасақ іске кірісті. Басқыншы ұсталып, Kaspi Bank-те кепілге алынғандар босатылды.

Бұдан бұрын ІІМ басшысы басқыншының қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі айтып берді.

Фото: Санат Имангалиев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415