Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6592 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 06:25

Серікбол Қондыбай. Әулиелер не дейді?

Маңғыстаудың 360 әулиесі біздің тақырыбымыздағы «Маңғыстау — қазақ эпосына негіз болған бастапқы орта» деген формуланы баяңцы етер куәгер бола ала ма? Ең қарапайым қисын бойьшша, мейлің 360 әулие болсын, мейлің 100 не 1000 әулие болсын, сол әулиелердің ар жағында бізге беймәлім реалдың түрғаны ақиқат қой. Міне, сол әулиелер елсіз жерлерде тентіреп жүре бермеген шығар, яғни олардың діни үгіт жүргізуі үшін адам ортасының болуы, адамдардың әлдебір санының болуы шарт. Сондықтан әулиелер географиясы да белгілі бір деңгейде адамдардың Маңғыстау мен Үстіртті, оларға іргелес аймақтарды біршама тығыз қоныстанғандығын көрсете алар қосалқы эмпирикалық факт болып саналады. Қалай болғанда да дін мәселесі біздің тақырыбымыз үшін қажет, оның үстіне жырларда кездесетін Баба түкті, Қараман, Омар баба сияқты кісі есімдері Маңғыстау топырағында топонимдер сипатында сақгалып отырғаны ақиқат қой.

Қазақ дегеніміз — исламның суфийлік және ханифалық ағымы мен қыпшақтанып кеткен ежелгі Вара-Үрым идеясының бір рухани арнаға тоғысуынан шыққан пенде.

Маңғыстаудың 360 әулиесі біздің тақырыбымыздағы «Маңғыстау — қазақ эпосына негіз болған бастапқы орта» деген формуланы баяңцы етер куәгер бола ала ма? Ең қарапайым қисын бойьшша, мейлің 360 әулие болсын, мейлің 100 не 1000 әулие болсын, сол әулиелердің ар жағында бізге беймәлім реалдың түрғаны ақиқат қой. Міне, сол әулиелер елсіз жерлерде тентіреп жүре бермеген шығар, яғни олардың діни үгіт жүргізуі үшін адам ортасының болуы, адамдардың әлдебір санының болуы шарт. Сондықтан әулиелер географиясы да белгілі бір деңгейде адамдардың Маңғыстау мен Үстіртті, оларға іргелес аймақтарды біршама тығыз қоныстанғандығын көрсете алар қосалқы эмпирикалық факт болып саналады. Қалай болғанда да дін мәселесі біздің тақырыбымыз үшін қажет, оның үстіне жырларда кездесетін Баба түкті, Қараман, Омар баба сияқты кісі есімдері Маңғыстау топырағында топонимдер сипатында сақгалып отырғаны ақиқат қой.

Қазақ дегеніміз — исламның суфийлік және ханифалық ағымы мен қыпшақтанып кеткен ежелгі Вара-Үрым идеясының бір рухани арнаға тоғысуынан шыққан пенде.

14 ғасыр — Даладағы діни өзгерістердің заманы болды. Өзбек хан түсында исламның мемлекеттік дін ретінде қабылдануы 14 ғасырдан бергі Даланың рухани және діни келбетінің жасала бастауына негіз болды. Бұл дәуір — бүрынғы діни плюрализм мен бүгінгі бір ғана исламдық сенімнің арасындағы өлара, ауыспалы кезең еді. Соңдықтан Маңғыстауды мекен еткен есен-қазақтар арасында исламның сунниттік, шииттік, суфийлік ағымдарын таратушы уағызшы машайықтардың болуымен қатар, ежелгі далалық сенімді ұстанғандардың да, христиандықтың қарабайыр түрін сақтағандардың да, бақсылар мен дуашылардың да болғандығын бажайлауға болады. Тек сан алуан дінді ұстанғандардың өзара мөлшерінің қаңдай болғанын айта салудың реті келмес. Ең бастысы — осылардың қай-қайсысы болмасын өмірлік қуаты жоғары, белсенділігі, оның ішінде шығармашылық белсенділігі де жоғары, күшті, яғни пассионарлық коэффициенті жоғары адамдардың көп болғандығында күмәніміз жок.

«Өзбекханды 1321 жылы мүсылман дініне қабылдаған, оған Сұлтан Мұхаммед Өзбек деген жаңа ат берген Шаш түбінде жерленген Зеңгі-атаның шәкірті Сейіт-ата атанып кеткен шейх Ахмет болса керек делінеді. Ал 1360 жылдары Алтын Орданы билеген Әзіз ханды мұсылмандыққа Ахмет Йассауидің тура тұқымы Махмуд Йассауи қабылдапты. Бұдан біз Алтын Ордаға мұылмандықты таратуда да Түркістанның ықпалы мен Йассауидің жолын қуушылардың аса зор маңыз атқарғанын көреміз. Бірақ Алтын Орда билеушілері бұл мәселелерді, бір жағынан, Дешті қыпшақ пен Ақ Орданы қолдан шығарып алмау, екінші жағынан, Шағатай ұлысын да өз қол астына қарату мақсатымен қатар қарастырғанға ұқсайды. Сондықтан да жергілікті сепаратизмге қарсы күрес кезінде көшпелілердің нанымдық дәстүріне шабуыл жасау да орын алмай қалмаған. Мәселен, Өзбек хан тұсында бақсылар, соның ішінде Қорқыт жолын ұстанушылар да қудалануға ұшыраған» *. Тарихи қисын нақ осындай даму жолын көрсетеді. Осындай жағдайда ресми ислам Сарай, Сарайшық, Қазан сияқты орталықтағы қалаларда үстемдікке шықса, бақсылық та, басқа да, исламның оппозициялық-дәруіштік ағымдары Алтын Орда империясының шеткері аймақтарында, ең алдымен Маңғыстау мен Үстіртте, қоғамдық шеттетілгендер санатындағы есен-қазақтар арасында кеңінен таралуы да қисынды болмақ.

Әулиелердің алғашқы ұрпақтары негізінен Қожа Ахмет Йассауи образымен байланыстырылғандығын жөне Арал-Хасарлы аймағындағы екінші әулиелік ареалдың болғандығын біз өзіміздің «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» деген кітабымызда айтып өттік.

Аталмыш аймаққа Батыс Қазақстанның төрт облысы, Қарақалпақстан, Түрікпеннің Оқ-Балқаны сияқты аймақтарды қамтитын үлкен кеңістігі кіреді. Бұлар, ең алдымен, — Маңғыстаудың 360 әулиесі, сондай-ақ Үстірттің, Жылой мен Шағырой-Борсыққұмның, Сағыздың әулиелері. Осы жақтың руларын да, әулиелерін де Қожа Ахметпен байланыстыру тарихи-уақыттық тұрғыдан шартты түрде болып саналады, яғни осы өлкедегі Шопан-аталар мен Есен-аталар Қожа Ахметтің ілімдік шәкірті, жолын қуушы болғанымен, оның замандасы, тікелей өзінен дәріс алған шәкірті бола қоюы күмәнді. Тарихи қисын оларды 14-15-ғасырлардың адамдары екендігін көрсетеді. Олар 14 ғасырдағы Даладағы қыпшақ тілді дүниенің жаппай ислам дінін қабылдай бастауымен байланысты дін уағыздаушылар болып шығады.

Осы әулиелі ареалды қалыптастырушылар туралы аңыздардың ыңғайына қарап біз 14 ғасырда Түркістан аймағынан Йассауилік діни уағызшылардың легі Өзбек хан билеген, исламның ресми түрде мемлекеттік дін деп жарияланған тұсында Арал-Хасарлы аймағына қаптап келе бастағандығын байқаймыз. Яғни егер 14 ғасырдың басында йассауилік-сопылық, ханифалық діннің басты ордасы Қаратау-Нұратау аймағы ғана болса, 14 ғасырдың ортасында осы орталықтың ықпалымен тағы бір йассауилік ареал Батыс Қазақстанда пайда болды.

Түркістан-Қаратау аймағындағы Баба Түкті Шашты әзіз, Қошқар-ата, Шопан-ата сияқты әулиелердің екіншілері немесе «копияларының» Маңғыстауда, Жем-Сағызда, Борсыққұмда пайда болуы, яғни осы өңірлерде де Баба Түкті Шашты әзіз, Шопан-ата, Қошқар-аталардың пайда болуы осындай «әулиелер экспорты» болғандығын көрсетеді. Яғни 1300 ж. Түркістан-Нұратау аймағында шоғырланған сопылық топтардың (діни ордендердің) бір бөлігі Өзбек ханның Алтын Ордадағы жаппай исламдандыру саясатына сай еркіңдікті пайдаланып Батыс Қазақстанға ағылған. Олар өздерінің келген жеріндегі діни-ұйымдық атауларын ала келген. Мәселен, Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты әзіз әулиенің жай ғана моласынан басқа, 14 ғасырда осында сопылық-дәруіштік ұйым болды деп есептер болсақ, онда нақ осы ұйымның сопылары Маңғыстаудың Сазды-Үштаған жеріне келіп, тағы бір Баба Түкті Шашты әзіз ұйымын (мазһаб, мектеп, т. б) ашуы әбден мүмкін және істің қисыны осыған келеді.

Түркістан аймағындағы Қошқар-ата мен маңғыстаулық Қошқар-ата, Байғанин ауданындағы Қошқар-аталар арасында, түркістандық Шопан-ата мен маңғыстаулық Шопан-ата, түркістандық Шақпақ-ата мен маңғыстаулық Шақпақ-ата, түркістандық Баба Түкті, Шашты ана, Түкті аталар мен ақтөбелік Алып ана, Түкті аталар арасында да осындай «әулиелік экспорт» болған сыңайлы. Маңғыстау түбегіндегі 360 әулиенің көпшілігі де осы түркістан-нұраталық сопылық дәруіштерге қатысты деуге негіз бар, ал осы түбектегі көне керуен жолдың бойында жатқан Сенек ауылы мен Оңтүстік Қазақстандағы тарихи Сығанақ қаласы аттарының арасында да осындай байланыс бар деп шамалауға болады. Сенек топонимінің бір кездері Сығанақ деп аталу ықтималдығы бар (Сенек > Санақ > Саанақ > Сағанақ > Сығанақ), ал түркістандық зерттеуші Әбіласан Әбілханның сығун сөзінің «әулие» деген мәнге ие болу мүмкіндігін жазғанына қарап осы атауды (Сығанақты) 14 ғасырда сопы дәруіштерінің әддебір тобы пайдалануы әбден мүмкін дей аламыз. Яғни 1320-50 жж. аралығында Түркістан аймағынан, Сығанақтан шыққан дін таратушылар тобы Маңғыстаудағы бір жерге келіп, кейін сол жер «Сығанақ» (Сенек) деп аталып кеткен де шығар, кім болжап көріпті оны...

Осындай әулиелік экспорт немесе әулиелік сабақтастық қазақ даласындағы ислам дінінің іс жүзіңде бір орталықтан тарап, бір рухани қайнардан бастау алатындығын көрсетеді. Осыны толықтыра түсуге мүмкіндік бар, тек ол үшін бес облыс жеріндегі барлық киелі орын туралы мәлімет жүйелі түрде жинақталынуы тиіс. Тек сонда ғана грек-рим, қытай, араб-парсы, орыс жазба құжаттарымен қатар 14-15 ғасырлардағы қазақ даласының көмескі тарихының жүрек соғысын байқатар қосымша ғылыми эмпирикалық дереккөз ашылған болар еді. Ең бастысы, осындай әулиелік сабақтастықты барынша дәлелді көрсету арқылы нақ 14-15 ғасырларда басталған «қазақ» деген ат астында жиыла, қауымдаса бастау, яғни этногенез процесінің басты компоненті болған сопылық, ханифалық исламның таралу маршрутын айқын көргендей боламыз.

Терістігінде Қобда-Елек, күнгейінде Үстірттің оңтүстік ернегіне дейінгі аралықта, бүгінгі Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының сирек қоныстанған өңірлерінде орта ғасырлар түңғиығына кететін әулиелі немесе киелі орындар назар аударуға тұрарлық тарихи жәдігерліктер қатарына жатады. Әдетте, олардың мәдени-тарихи құндылығы біздің ғалымдар арасында негізінен тек сәулеттік-бейнелеу сипатымен ғана есептелінеді. Бұл қазақ адами ғылымына тән кәдуілгі қырсыздық па, әлде жай ғана біліксіздік пе? — әйтеуір жағдай осындай болып отыр. Ал егер әулиелі орын бір төмпешіктің үстіндегі жай ғана тас үйіндісі мен оған қыстырылған қарағаш діңгегі болса ше? Бұл жағдайда археолог та, сәулетші де оны тарихи ескерткіш қатарына қоспасы анық. Осындай қарапайым әулиелі орындар қазақ даласының түпкір-түпкірінде жүздеп, мыңдап кездесетіндігі анык, тек оларды түгендеп, насихаттап жатқанымыз шамалы.

Әулиелер мен олардың молаларының нақты жер бетінде кездесуі, яғни бүгінгі ел аз қоныстанған аймақтардың бір тұсында аз болып, енді бір тұстарында шоғырланып көрсетілуі — бір кездері сол жерлерде халықтың едәуір тығыз коныстанғандығын, осы жерде кызу өмір қайнап жатқандығын көрсететін айғақ болып табылады. Осындай нысандарды картаға түсірсек, осындай шоғырланудың Орталық Маңғыстаудан басқа Жем бойында, Ақтөбе-Ырғыз аралығында, Шағырой-Борсыққұм өңірінде екендігін көрер едік.

Осы аталған аймақтарда, әсіресе бүгіндегі адам өмір сүруге ең қолайсыз аймақтар қатарына жататын Бейнеу, Байғанин аудандарының өзенсіз, көлсіз есіз далаларының бір кездері елді (және молалы) жұрт болғандығын байқауға болады. Ал бұл қай кез деген сауалға жауап іздер болсақ, негізі тарихи-географиялық көрсеткіштер (даладағы ислам дінінің ең күшті әрі тез тараған уақыты, даладағы ылғалдық жеткілікті болған кезеңі, аңыздар мен жырдың жанама мәліметіндегі уақыт ауқымы, нақты тарихи деректер) бізге 14 ғасырды, Алтын Ордада Өзбек хан мен оның ұлы Жәнібектің ( Әз Жәнібектің) билік құрган (1312—1357 жж.) заманын көрсетіп бере алады. Аталған көрсеткіштердің бір-біріне сәйкес келетін уақыты да осы тұс.

 

*Кекілбайұлы Ә. Түркістан тағлымы // "Егемен Қазақстан" газеті. 2000. 12 сәуір.

Мақала Серікбол Қондыбайдың «Есен-қазақ»  (Есен-қазақ «Арыс» баспасы, 2006 жыл. Алматы)  кітабынан алынды. 33-37 беттер.

"Аbai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057