Жұма, 29 Қараша 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 2629 16 пікір 29 Маусым, 2023 сағат 13:07

Әбенге немесе Абанға хат

Өткен айдың 18-і күні Abai.kz ақпараттық порталында «Бейжіңде коммунист, Мәскеуде КГБ болған Әбен ақсақал» атты көлемді сұхбат жарияланды. Мақаланың ішінде Әбен ақсақал: «1962 жылғы көшке Қабдеш Жұмаділовтың еш қатысы жоқ, ол екі елдің келісімімен болған, Қытай өкіметі ешкімнің алдын тоспады», - деп пікір білдірген болатын.

Бүгін редакциямызға марқұм, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің ұлы, тарихшы Арман Жұмаділовтен үшбу хат келіп түсті.

«Өткенде, мына адам өзінің сұхбатында 1962 жылғы көшке Қабдеш Жұмаділовтың еш қатысы жоқ, ол екі елдің келісімімен болған, Қытай өкіметі ешкімнің алдын тоспады деп тарихқа, әділдікке біраз қиянат жасамақшы болды. Соған елдегі азаматтар қатты наразы боп жатқан көрінеді. Бір ағайындарымыз Әбен Омаровқа өлеңмен де сынап жауап беріпті. Сол жауабын порталда сол кісіге жауап ретінде басса бола ма? Мен өзімнің мақаламды соңыра берермін», - деп жазған.

Abai.kzақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұндай ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Ендеше, мархабат мәртебелі оқырман!

Әбенге немесе Абанға хат

Ассалаумағалайкум, амансыз ба,
Сіз осы Әбенсіз бе, Абансыз ба?
Осы арада бір сұрақ туындайды,
Қазақсыз ба, сартсыз ба, сауансыз ба?

Ақ сақалды, ақ шәшті болғаныңша,
Құпияңды ашпайтын адамсыз ба?
Кірпігіңіз ағарып кеткен екен,
Арты қуыс ұрыдай алаңсыз ба?

Кісі киік секілді мінезің бар,
Жақсысыз ба, Сіз әлде жамансыз ба?
Арды ойламай көбіне пайда ойлайсыз,
Ондай кезде демейсіз қалам сынға.

Салпаңқұлақ өмірі тыңшы болып,
Жала жаптың Әбеке, жаны асылға.
Соның бірі Қабаңдай дарабоз ғой,
Сол үшінде мен Сізді алам сынға!

Ұқсамайсыз кәдімгі бір адамға,
Мәңгі өлмейтін ұқсайсыз тірі адамға.
«Әбен, Әбен болғалы қай уақыт,
Жасамады жақсылық бір адамға».

Деген еді көне көз бір қария,
Ешқашанда тақпайтын кінә адамға.
«Ол өлімен қорықпай алысады,
Қасында оның не сорым тірі адамға.
Соның балам, байқасаң бір айғағы,
Қабдештейін соқтығу ірі адамға.
Іші қайдан ақ болсын, сырты қара,
Тұла бойы не шара, кір адамға.
Беті олардың ешқашан бүлік етпейді,
Ондай  міне, өте ме сын адамға.
Ақиқатын Алла өзі таразылар,
Одан артық айтуда күнә адамға».

Дегені бар қарияның ұқсаң бүгін,
Ол айтқан түсінбейді тұспалды кім.
Бір тарының сиғызған қауызына,
Ұмытыпсыз қытайдың қысқандығын.
Шебін бұзып шекара халық өткен,
Оның білмеу жағдайын мыстандығың,
Сізге ықпал әлі де етеді ме,
Іштен бүгін, әлдекім тыстан бүгін.
Әйтпесе Қабекеңде нең бар көке,
Оянып аяқ асты дұшпандығың.
Пәлен жыл үш әріпке қызмет еткен,
Кеткен бе, қанға сіңіп ыспарлығың.
Сирағың шығып жатыр сұхбатыңнан,
Осы ма кәрі бөрі, пысқандығың,
Десек қой Қабекеңді өлі арыстан,
Бұл Сіздің тірі жүрген тышқандығың.

Қылығың ұқсаған соң қаптесерге,
Бөлендім өлең жазып қатты әсерге.
Қаптесер жасаған соң зиянды ісін,
Тып-тыныш қара орман жатпас елде.
Солардың дүрлігуін басайын деп,
Қолыма алдым қалам, қап десем де.
Ашуды ақылыма жеңдірдім де,
Арнадым өзіңе өлең, бас кесем бе!
Көкірегің көкті тіреп тұрса-дағы,
Айтқаның жалпақ жатқан жақпас елге.
Қабаңа қара күйе жаққаныңмен,
Серкесін, көш бастаған сатпас ел де.
Екі елдің арасында келісімді,
Қайдан айтып отыр дер қақпас елге.
Әбеке, осы жайды ұғасыз ба,
Сіздер барда жарық таң атпас елге!

Деме маған көзіңді алайтамын,
Халық миллион Әбеке, Сіз байқағын.
Сипа-дағы қарныңды отыра бер,
Ы десеңіз дәлелді ой тағы айтамын!..

Тіліп түсер

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1582
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3397
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6624