Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 6 Маусым, 2013 сағат 11:28

Қажымұқан Ғабдолла. Бірінші де білмейтін былықтар. Школьниктер үптеп жатыр...

Әншейінде сезе бермейтін, тереңіне үңіле қоймайтын бір заңдылық бар, бізде. Ол – қазаққа қазақтың сенбейтіндігі және иланбайтындығы!..

Бұл дерт қайдан жұқты?..

...Сонау үш ғасыр бұрын орыстың қатын паршасы еркін даладағы ер қазақты жаулаудың зымиян жоспарын құрады. Орыс әскерилері патшасына: «Бұл халықты жеңу де, оны қуып жету де мүмкін емес. Өйткені, қазақтың шырт ұйқыда жатқан алты жасар баласы: «Жау шапты!» деген дабылды естігенде, атып тұрып, шауып бара жатқан жайдақ атты қуып жетіп, жалынан ұстап қарғып мінеді де, жауына қарсы шабады немесе ұлы далаға сіңіп, көзден ғайып болады» – дейді.

Көп ойланып, терең толғанған орыс билігі ақырында «Қалайда қазақты қазаққа қарсы қойып, қандай жат итке сенсе де, әйтеуір, өз-өзіне, бір-біріне өлсе сенбейтіндей» тәсіл ойлап табады. Ол – қазақты жүздерге бөлу, руларға бөлшектеу, аймақтарға алшақтату, арасына сына қағу, бір-біріне өтірік жамандау, бір атаның батырын екінші атадан «кем деп айтты» деп жалған сөз тарату т.с.с.

Яғни, қазақтың ең қуатты қаруы –намысы болса, ең әлсіз тұсы да – дәп осы намысы болатын. Орыс осынау сайқал тәсіл, сасық әдісімен қазақты жаулап алып, үш ғасырға жуық уақыт биледі.

...Кенет, аспаннан түскендей болған қазақтың тәуелсіздігі орысты оңбай есеңгіретіп кетті. В.Путин билікке келген күннен бастап, орыстың нағыз ұлтшылдары оқтын-оқтын Кремльдің бір бұрышындағы кішкентай бөлмеде жиналып, баяғы қатын патшаның «жасампаз жолын» жаңғыртудың мәселелерін қарастыра бастады.

Сөйтсе, қазақтың мықты жақтары көп екен. Соның бірі – атом өндірісі болып шықты. Оспадар орыстың: «Наказать рубльем!» дейтін топас түсінігі іске қосылады. Қазақтың еркіндігіне жиырма жылдан асса да, орыс билігі бірде ашық, бірде жасырын қазақты әлемдік нарыққа тура шығармай, өзі арқылы ғана қатыстыруға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

Дегенмен, қазақтың «Қазақатом өндірісі» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВ дейтін «пысықай» орысыңды айналып өтіп, қазақ атомын дамыту мен әлемдік нарыққа шығарудың жолдарын жаңа технологиясы қарқынды дамып, өркениеттің алдына шыққан жапондықтармен келісіп-пішіп қойыпты. Мұны естіген Кремльдің қожайыны терісіне сыймай кетеді де, орыстарды жапондарға аттандырып, қазақтардың қатысуынсыз келісім-шарт жасасуды тапсырады. Бірақ, алдын-ала Мұхтар Жәкішевпен келісіп қойған жапондар Қазақстанның қатысуынсыз келісімге келуден үзілді-кесілді бас тартады. Өз кезегінде Мұхтар Жәкішев жапондықтармен Канадада тіркелген «Uranium One» компаниясы арқылы жұмыс жасауға уағдаласып қойған болатын

Ал, орыстар үшін уақыт өте аз, кеңістік өте тар еді. Орыс билігі әдеттегідей «ережесіз белдесу» әдісіне салады. Кешегі кеңес үкіметінің чекист-шпионы В.Путин қазақ басшысымен ақылдасып-жақындасып жүргенде, жапондықтардың қазақ атомын өркениетті дамытуға шұғыл кірісіп кетіп, орыстың қайраңда қалатындығын бірден түсінеді.

Мемлекетаралық келісімдер мен еларалық дипломатия әдірем қалып, орыс билігі бандиттік қимылдарға көшеді. Қазақ-жапон атом келісімін қалайда бұзу үшін Кремль билігі, ең алдымен, жауды қазақтың өз ішінен, Елбасының жақын маңынан іздейді.

Мінеки, батпан құйрық! Қазақтың атом саласының министрі орыс болып шықты. Владимир Школьник. Ол аз десеңіз, Школьниктің балалары мен отбасы әлдеқашан Ресейге көшіп кеткен тұрғылықты ресейліктер екен. Орыс билігінің көк аспаннан іздегені, қара жерден табыла кетті. Ол-ол ма, Владимир Школьниктің ұлы атом саласының жәй маманы ғана емес, ортанқол шенеунігі көрінеді.

Енді Кремль билігіне «өтірікті – шындай, шынды – құдай ұрғандай» қылып, «Қазақ атом өндірісі» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішевті тағынан тайдырып, қараңғыда құрсаулау ғана қалды. Орыс чекистері іске кірісті...

Әрине, арам пиғыл, лас ниетін сездірмеу үшін 2009 жылдың мамыр айында орыстың «Росатом» компаниясының жетекшісі Сергей Кириенко мен «Қазақ атом өндірісі» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішевтің ресми кездесу уақыты белгіленді. Бірақ, аталған кездесу өткен жоқ. Қазақ билігі лезде Мұхтар Жәкішевті тұтқындап, бір сәтте қапасқа құрсаулап тастады...

Мұхтар Жәкішев түрмеге тоғытылғаннан кейін, «Қазақ атом өндірісі» ұлттық компаниясының басшылығына министрлік лауазымын тастай салып, Владимир Школьник келді. Әлбетте, ол «Қазақ атом өндірісі» ұлттық компаниясында «тәртіптің жоқтығын, талан-тараждың өрістеп кеткендігін» «Мың бір түннің» ертегісінен еш кем қылмай, айқайлап айта бастайды.

Дәп осы кезде шұғыл қимылдаған орыстардың АРМЗ холдингі баяғы Мұхтар Жәкішев келіскен Канадада тіркелген «Uranium One» фирмасының белгілі бір үлесіне қол жеткізді. Ал, АРМЗ холдингінің директоры Вадим Жововтың қызына «Қазақ атом өндірісі» ұлттық компаниясының жаңа басшысы Владимир Школьниктің ұлы үйленген болатын?!. Міне, мәселе қайда жатыр, қазақтар!!!

Қызылорда облысының Жаңақорған мен  Шиелі аудандарының және Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ аудандарының қазақтары «Қазақ атом өндірісі» ұлттық компаниясы ашық өндіріп жатқан уран өндірісінің кесірінен жаппай науқасқа ұшырап, бір көзі соқыр, бір құлағы шұнақ ұрпақ туып жатыр, ал, Владимир Школьниктің көккөз баласынан туған сарыүрпек немелері қазақтың қазынасына шомылып, Еуропа курорттарында жыл он екі ай бойы демалып-қыдырыстап жүр...

Ал, қазақтың тағы бір қаракөзі, жеті балалы үлкен отбасының иесі Мұхтар Жәкішев темір торда тозып жатыр...

...Бізге қоңсы қонса да, тамыр болып жарытпаған Кремль билігінің «құдіреті» осындай! Қазақтың нанын жеп, суын ішкен; қазақтың арқасында адам болып, лауазымға жетіп, ел қатарына қосылған; ақырында, қазақтың ас берген ыдысына аяғын салып, қазақтың қазынасын түптеп жатқан қасиетсіз һәм харам Владимир Школьник әулетінің «аферасын» Елбасымыз біле ме?!.

Әлде, Бірінші де білмейтін былықтар бар ма?!.

masa.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5327