Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4562 0 пікір 7 Маусым, 2013 сағат 08:49

Айбек Қалиев: «Ақ Берік» әнінің әзілінен зілі басым болды

Осыдан бірер апта бұрын қаламыздың жаңалықтар порталы - Arknews.kz сайтына Арқалықтың бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлына шығарылған «Ақ Берік» әнін енгізген болатынбыз. Көп ұзамай халықтың бұл туындысы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, бірнеше газеттер мен сайттарға жарияланды. Еліміздің танымал тұлғалары, журналистері осыған орай Берік Әбдіғалиұлының қызметі мен жасаған еңбегі хақында өз пікірлерін білдірген еді.

Ел ішінде «хит» болып кеткен осы бір ән қалай пайда болғаны жөнінде ақпарат іздеп көрдік. Нәтижесінде, әнді шығарған Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері болып шықты. Ал, сөзін жазған Айбек Қалиев дегенді де естідік. Мұның анық-қанығын білу үшін Айбек Киікбайұлына арнайы жолығып, осы бір жайтке аз-кем «комментарий» беруін сұраған едік.

- Айбек Киікбайұлы, бүгінгі таңда Интернет желісінде «Ақ Берік» әні қызу талқыланып жатыр. Бұл әннің шығуына Сіз де атсалысқаныңызды естідік...  

- Бұл ән Берік ағамыз қызмет ауыстырады екен, Арқалықтан кетеді екен деген тұста пайда болған. Жалпы, еңсесі енді көтеріліп келе жатқан Арқалық жұртына бұл сөз қатты әсер етті. Жиын-мәжілістер болсын, той болсын, тіпті моншаға барсаң да осы тақырыпты талқылап жатқанын көрдік. Сонда бір байқағаным, Берік ағамыздың еңбегін еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін бағалай білді. Арқалыққа қаншама әкім келді, қаншама әкім кетті, олардың бәрін жамандай беруге болмайды, дегенмен де Берік Әбдіғалиұлы халықтың көңілінен ерекше орын алды.

Ал, «Ақ Берік» әніне келетін болсақ, алғашында бұл әннің «хит» болып кететінін әсте ойламаған едік. Өзің білесің, Арқалықта «Жайдарман» КВН ойындары өтіп тұрады. Әкім ауысады деген әңгіме қызып тұрған шақта студенттер осыған орай әзіл шығарайық деп ұсыныс білдірді. Сөйтіп, халық әні «Ақ жайнақ» әуеніне сөз жазып бердім. Ондағы айтпағымыз – халқымыздың әңгімеге әуестігін көрсетіп, әзіл етіп көрсету еді. Бірақ, ән жазыларда, Берік ағамызға деген халықтың ықыласы мен сүйіспеншілігі, оның еңбегіне деген ризашылығы, қимастық көңілі көрініс тапты. Содан да болар, КВН редакторлары оны сахнаға шығартпай қойды. Өйткені, шыны керек, әннің әзілінен зілі басым болып шықты.

Бүгін ақпарат қас қағым сәтте тарайтын заман ғой. «Ақ Берік» әні ел ішіне тез тарап кетті, жастар бір-бірінің телефондарына жүктеп алып жүрді. Тіпті қаламыздың шеңберінен асып, республика деңгейінде де, әлеуметтік желілерде, отандық сайттарда талқыға түсті. Не керек, Айбек Қалиев әкімге жағымпазданып, ән шығарыпты дейтіндер де табылып жүр. Берік ағамыз – халыққа жақын болған әкім. Егер оны халық ұнатпаса, бұл ән осылай кеңінен тарайтын ба еді? Егер халқы үшін Беріктей еңбек ететін әкім болса, оған неге ән шығармасқа? Арқалықты тірілтіп, гүлдендіретін, оның халқына жаны ашитын әкім болса, ән түгіл поэма жазсаң да артықтық етпес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой, «Ақ Берік» әнін телефонына жүктеп алу үшін тіпті үйге іздеп келген қарияларымыз да болды.

Республикалық газеттерде жазып жатыр ғой, «Әкімге тұңғыш ән шығыпты» деп. Сол сияқты менің шығармашылығымда да осылайша әкімге, шенеунікке деген алғашқы өлең пайда болды.

- Айбек Киікбайұлы, уақытыңызды бөліп, әннің шығу тарихын тарқатып бергеніңіз үшін рақмет!

Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333