Жұма, 19 Шілде 2024
Бәсе... 2465 2 пікір 5 Шілде, 2023 сағат 13:37

Пригожин мен Суровикин. Ұрылар тарихта қалмайды...

BBC-дің орыс қызметі Ресейде бүлік салған «Вагнер» ЖӘК қожайыны Евгений Пригожин мен Ресей армиясының генералы Сергей Суровикиннің достығы жайлы егжей-тегжейлі жазыпты.

Евгений Пригожиннің әскери төңкерісінен кейін бүткіл бір апта бойы жорналшылар мен сарапшылар өздеріне «Генерал Суровикин қайда?» деген сауалды қойды. Украинадағы Ресей әскери тобынының қолбасшысының орынбасары Сергей Суровикин, өткен жекесенбіде Пригожинге және оның жалдамаларына қарата бүлік шығармауға шақырған болатын, содан кейін із-түссіз жоқ болды. «Financial Times» «Суровикин ұсалды» деп хабарласа, «Bloomberg» агенттігі болса, Евгений Пригожинмен байланысты бірнеше күн жауапқа алынды дейді, бірақ генералдың қызы ол өз жұмысында бәрі жақсы деп мәлім етті. BBC осы екі нәннің бірлескен қызметіне қатысты тарихты сөз ете бастады.

2016 жылы көктемде лугандық Андрей (жеке бас қауіпсіздігіне орай аты-жөні өзгертіліп алынды – BBC осыған дейін екі жыл бойы ЛХР жағында соғысқан болатын, ол өзінің бірніеше қанды көйлек достарымен «Вагнер» ЖӘК құрамында Сирияға баруға бел шешеді. Украинаның шығысында әскери іс-әрекет екінші Минск келісіміне орай тоқтатылған болатын, сондықтан бұрынғы халық жасағындағылардың басым көпшілігі жаңа жағдайды қарастыра бастады. Майданға олардың керегі де жоқтын, ал, олар болса бейбіт жағдайға мүлдем дайын еместін.

Сирия президенті Башар Асад бұл кезде дейін бес жыл бойы мұздай қаруланған оппозициямен соғысып, елінің көп бөлігінен билік жүргізуден айырылып қалғантын. Ресей украин оқиғасына байланысты санкцияға ұшырап, халықаралық оқшауланып, оған көмек қолын 2015 жылдың қыркүйегінде созды Владимир Путин сирия қақтығысынан Ресейді халықаралық форматтағы келіссөз үстеліне отырғызатын мол мүмкіндік болады деп үміттенді. Ресей билігі бұл елдегі әскери міндет «әуе күшімен» шешіледі, жердегі әскерлер еш шығынға ұшырамайды деп уәде берді. Осылайша Сирияда астыртын жағдайда әркекет ететін Ресей ЖӘК жалдамалары пайда болды.

Андрейдің Сирия сапары бар жоғы үш аптаға созылды. Оның осы елде болған 21-ші күні тапсырма орындап қайтып келе жатқан әскери ұшақ олардың жатқан жерінің үстінен ФАБ-500 (500 келілік фугастық авиа бомба – BBC) тастайды. Андрейдің ұйғарымынша, бұл ұшақ РФ ӘӘК еді. Оның қасындағы алты досы қазақ тапты. «Менің тірі қалуымның себебі дәрет сындыру үшін аз уақытқа шығып кеткен едім» дейді.

Сол кездегі Сирияда тап осындай істер Евгений Пригожиннің жақтастары үшін қалыпты дүние болатын. Осындай дүниелер жайлы вагнерліктердің Мәскеуге жорығы кезінде ресей ұшқыштарының  өліміне кінә таққан шақта дәл сондай оқиғалардың бұған дейінде орын алғанын өздерінің телеграм-арналарында мәлім ете бастады.

Андрей осы оқиғадан кейін Луганскге оралып, енді ешқашан өмірімді не «Вагнер» ЖӘК, не ресей армиясымен байланыстырмаймын деп шешті. Осы ұстанмында қашан жау әскері Украинаға басып кіргенге дейін болып, квазиреспублика мобилизация жарияланған кезде бірден ЛХР әскери құрамынан табылды.

«Сезімдер өрекпіген ахуал»

Ұшқыштар жалдамалы әскер қосынын бомбылаған кездегі Сириядағы Ресей жасағының қолбасшысы генерал-полковник Александр Дворников еді. Ол басшылық еткен кезде авиацияның қолдауымен ЖӘК жалдамалары бірінші рет Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» содырларынан көне қала Пальмира қаласын азат етті. Дворниковты бұл қызметтен генерал-лейтенант Александр Журавлев алмастырды. Оның басшылығы кезінде жалдамалылар бірлесе отырып, ең ірі сириялық қала Алеппоға тіке шабул жасады. Ал, ИГИЛ содырлары қолайлы сәтті қалт жібермей, 2016 жылдың желтоқсанында Пальмираны қайыра өз бақылауларына ала білді.

Журавлевті генерал-полковник Андрей Картаполов алмастырды. Ол басшылық еткен шақта Пальмира қайыра азат етілді.  2023 жылы Картаполов МемДуманың депутаты ретінде әскерге шақыру жасын 30 жасқа дейін көтеретін заң шығару мәселесін көтеріп, жалдамалыларға байланысты жыл сөздер легін ақтарды. Өзіне жақсы таныс Евгений Пригожиннің шеруін Картаполов 29 маусым күні былайша түсіндіреді: «Пригожин мырза үшін ақша дегеніміз бұл – маңызды да, шешуші фактор емес. Бұның бәрі ақыр соңы бассыздық болып табылады. Ол сезімге беріліп, осындай адуандық танытты».

Пригожиннің  медиахолдингі РИА ФАН агенттігінде корреспондент болып ұзақ уақыт істеген 2023 жылдың қаңтарының басында онкологиялық сырқаттың салдарынан өмірден озған Кирилл Романовский Пальмираға екінші рет тіке шабуыл жасауға қатысты өз естелігін қалдырыпты. Оның осы естелігі Пригожин мен Қорғаныс минстрлігі арасындағы текетірес басталған шақта жария етілді.

«Біз Пальмира маңына Седоймен бірге («Вагнер» ЖӘК командирлерінің бірі – BBC) келген шағымызда, ресей әскерінің орналасқан аймағында тек генерал Александр Дворников өзінің сансыз нөкерлерімен әм күзетшілерімен ғана болды. Ол үш қабатты бетон шатырлы ғимараттың командалық пунктінде отырды. Ресей генералына тән дағдымен ол өте мас болатын деп еске алады Романовский.

Оның сөзіне сенер болсақ, 2016 жылдың көктемінде Евгений Пригожин ресей генералдарымен қақтығысып қалған болатын. Жеті жыл бұрын да 2023 жылы орын алған тап осы себеп болатын, содырлар қосынына шабуылдау үшін ЖӘК негізін салушы генерал Дворниковтан екі тікұшақ пен гаубицаның жәрдемі үшін жүздеген снарядтарды сұрады.

Ол кезде олар қолын қақпай снаряд берді.

Пальмираны әскерилер мен жалдамалылар екінші рет алғаннан кейін  қорғаныс министрі Сергей Шойгу ЖӘК командирлерін марапаттаудан бас тартты деп уәждайды Романовский: «Шойгу айқай салып, түсі бұзылып, тонаушылар тарихта қалмайды. Оларға Пальмираны алғаны үшін қаһармандықты беріп еш керегі жоқ. Оларға берілген әр марапа мелекеттің бетіне шіркеу түсіреді» дегенді айтты.

Ресей Қаһарманы Жұлдызын қаланы алғаны үшін Генштаб бастығы  Валерий Герасимов пен қрғаныс минстрінің орынбасары Дмитрий Булгаков және Дворников өзі алды. 2023 жылдың қысында Герасимов ұрыс қимылдарынның басы қасында болды.

Сирияда болып келген бұрынғы жалдамаларыдың BBC-дің айтқандарына сенер болсақ, сириядағы топты Сергей Суровикин басқарған кезде екі жақ тіл табысып қоянқолтық әрекет еткен кез болыпты. Осы елдегі Ресей әскеріне  Суровикин әуелі 2017 жылдың наурызы мен желтоқсанында және кейін 2019 жылдың қаңтары мен сәуірінде басшылық етті. «Досье» Орталығының мәлімдеуінше 2017 жылы Суровикин «Вагнер» ЖӘК құрметті мүшелігіне алынып, оған  жеке М-3744 нөмірі табыс етілді.

 «Өзін ақтаған одақ»

2017 жылдың жазының аяғында Суровикин бірінші рет Сириядағы ресей тобын басқарып, тамыз айында Хомс провинциядағы Эс-Сухне қаласы үшін ұрысқа араласты. Тап осы тамыз бен қазан аралығында осы провинцияда орын алған шайқастарда жалдамалылар зор шығынға ұшырағандығы сөз бола бастады.

Суровикинді басқамен ауыстырған шақта жаңа басшымен Пригожиннің пікірі жараса қойған жоқ. 2017 жылдың желтоқсанында басшылыққа генерал-полковник шенін алған Александр Журавлев қайтып оралып, бұл Пригожиннің «Вагнері» үшін нағыз «қаралы беттерге» айналған оны жақсы білетіндер кеңінен сөз етеді.

2018 жылдың ақпанының басында жалдамалылар қаласындағы Дейр-эз-Зор провинциясындағы Хашам қаласы маңындағы  мұнай өңдеу зауытын басып алмақшы болған кезінде (бұл арада әскери емес, Евгений Пригожиннің Сириядағы жеке бастық биснес мүддесі жатыр— Би-би-си) олар аспанннан америка авиацияның соқысына ұшырады. Бұл соққы жасалмас бұрын америка жаағы ресей әскери басшылығынан сіздер онда әскер аттандырдыңдар ма сұрау салып алды да, олар жоқ деп жауап қайтарғаннан кейін ғана әуе соққысын жасады.

2017 жыл ресей әскерилері мен жалдамалылары үшін табысты жыл саналса да, олардың арасында орын алған адам шығыны орасан зор болды. Бірақ әскери басшылық бұның бәрін жасырып жауып, тек тамыз кезінде журналистерге он адам қаза тауыпты деп мәлімдегенімен, өлгендер саны қырықиан асып жығылған еді.

Генерал Суровикин 2017 жылғы Сирия науқаны үшін Ресей Бактыры жұлдызын төсіне Кремльде президент Владимир Путиннің өзі қадады. Осы орайда бұрынғы вагнерші 2017-2018 жылдары Сирия аймағындағы соғысқа қатысқан қазір Францияда тұратын Марат Габидуллин: «Ресей Армиясының Сириядағы 2017 жылғы барша жеңісі үшін Суровикин Пригожинге қарыздар, Сол кезде бұл одақ әбден біте қайнасып, тұрақты түрде бірін-бірі толықтырып келді» дейді.

«Ақырзаман генералы»

Украинаға баса көктеп кірместен жарты жыл бұрын 2012 жылдың тамызында Сергей Суровикинге армия генералы әскери атағы берілді. Оның алатын орны мен рөлі соғыстың алғашқы кезінде еш сөз болмады. Тек 2022 жылдың 24 маусымында Қорғаныс Министерлігінің кезекті  брифингінде аты аталып, нені басқарып нені қоятыны сөз етілді. Суровикин «Оңтүстік» тобының басшысы атанды.

«Армия Генералы С.В.Суровикин басқаратын Оңтүстік әскер тобы «Горск қазанындағы» УӘК тасталқан етті деп жазды қорғаныс ведомствасы өзінің кешкі хабарламасында.

2022 жылдың 8 қазанында Суровикин баса-көктеп кірген барша ресей әскерінің басшысы болып тағайындалды. Ол қыс жақындап қалған шақта Украинаның энергетикалық инфрақұрылымдарын зымыран соқысының астына алғызса да, жаңа ұрыс тактикасы еш нәтиже бермей, Украина қаһарлы қыстан қысылмай шыға алды. Киев олардың аяқтарына жығылып бітім сұрай қойған жоқ.

Кремльге іш тартатын «Комсомольская правда» газеті: «Сирия кезінен бері оны әріптестері «Ақырзаман генералы» деп атайды. Бұндай бейресми лақап атқа аса қатыгездігі арқасында қол жеткізілді»деп жазды.

Ол қызметіне тағайындалған алғашқы айларда билікшіл блогерлер «Ақырзаман генералын» көкке көтере марапаттап, украидық ЖЭО берілген зымыран соққыларын тамсана жазды. Ақыр аяғы ол Ресей армиясының Херсон өңірін және Днепрдің жағалауын тастап шығуымен тарихта қалды.

«Вагнер» жалдамалылары Суровикин қызметіне тағайындала салысымен ресей армиясындағы еш құпияға айналмай жария етілді.  Евгений Пригожин өзін осы қосынның басшысымын деп ашық мойындады. Ресейдің әскери науқаны басталған кезде ЖӘК бұл қақтығысқа араласқан жоқ, тек 2022 жылдың наурызында ғана Молькино полигонында еріктілерді қатарына тартуға бел шеше кірісіп кетті. Ал, мамыр мен маусым айларында Пригожина Луганск аймағында Попасной, Северодонецк және Лисичанскде қарқынды шабуылдар жасауға кірісіп, маңындағы ұрыстарға қатыстып, табысты іс-қимылдар жүргізді. Тамыз айында бітіп болмайтын тоғыз айға созылған Бахмут тозағына тұтылды. п.

Қорғаныс Министерлігімен болған соңғы қақтығыс 24 мамыр күнгі төңкеріс жасау әрекетіне ұласты. Евгений Пригожин Сергей Суровикин Украинадағы әскерді басқарған тұста яғни, желтоқсанның соңында өз мәлімделерін жасай бастаған еді. Оның себебі тура 2016 жылы Сириядағыдай болды. Бахмутты ала алмауымыздың басты себебі министерліктің кесірінен туындаған снарядтың жетіспеушілігі болып табылады деген мәлімделер жасады. Бірақ бұған қатысты президент Владимир Путин төрешілдікке жол беріп еш құлық та, ынта да танытпады. Ол қаңтардың басында кадрларды сыпыра алмастырып, «арнайы операцияға» басшылық етуге Генштаб бастығы Герасимовты тағайындап, алң Суровикинді оның орынбасары етіп қызметінен төмендетті.

Евгений Пригожин мамыр айының бас кезінде өзіне қажет снарядты бәрібір алатындығын, ал Суровикин болса, Қорғаныс Министерлігі мен «Вагнер» арасындағы түсіністікке жауап беретіндігін мәлім етті.

Суровикин бүлік болған күні әскери-ғарыш күштерінің басшысы қызметінде болып, ЖӘК жауынгерлері Мәскеуге бағыт алған тұста аспандағы ұшақтарды атып құлатқан болатын, сол себепті аларға қарата алғаш сөз қозғаған да осы жан болды. Ол Пригожин жалдамаларын «колоннаны тоқтатып, өздері орналасқан жерге қайтуға» және «мәселені бас қолбасшымен ақылға салып, бейбіт жолмен шешуге шақырды». Суровикин қатысуымен әлдебір штаб ішінде ағаш үстел басында қолына ПП-2000 пистолет-пулеметін ұстаған кезінде жазылған ролик тарады.

Бұл Суровикиннің соңғы рет жұрт алдына шыққаны болып табылады: «Әзірше кеш болмай тұрғанда қалық қалаған еркі мен бұйрығына бағынуларың қажет»,- деп, мәлімдеп, өзінің бүлікшіл ЖӘК генералдары мен Қорғанысминстрлігінің арасындағы арағайындық танытқантын, енді оның тағдыр-талайы қалай болғандығына әлемдік баспалар бал ашу үстінде.

Сайтқа әзірлеген Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1281
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2010
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068