Сенбі, 23 Қараша 2024
1445 1 пікір 7 Шілде, 2023 сағат 12:37

Садыр Жапаровтың жиені күдікке ілінді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды. 

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты оның 26 шілдеге дейін 1 тергеу изоляторына қамалғанын жазды. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев күдіктінің мемлекет басшысының туысы екенін растады.

Президент әкімшілігіндегілер ұсталған азамат президенттің туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы екенін нақтылады. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстады.

«Бұл туралы хабардар болғаннан кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Егер іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, онда келтірілген зиянды өтеу міндетті», - деді Сұлтанбаев.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377