Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Билік 2713 1 пікір 10 Шілде, 2023 сағат 13:40

Арман Жүдебаев вице-министр болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2011 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.

2011-2013 жылдары — оқытушы; «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Осы лауазымды бұрын атқарған Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы қызметтен босатылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 955