Сенбі, 23 Қараша 2024
Жәдігер 2003 1 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 14:12

«Сирек жәдігерлер сыр шертеді»

Музей кеше мен бүгінгінің айшықты тұстарын жаңғыртып, олардан белгілі болып қалғын жәдігерлердің иесі іспеттес өзіндік тарихы бар. Себебі, ол – әр дәуірдегі мәдениетті сақтаушы, насихаттаушы бірден-бір рухани орда.

Нәзір Төреқұлов музейінде қазақтан шыққан тұңғыш дипломаттың артында қалған сырға толы құнды жәдігерлері бар. Бұл жәдігерлер  музейге келетін қонақтардың көзайымына және игілігіне айналған. Нәзір Төреқұлов ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Мәскеуде әр түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Нәзірдің Мәскеуде жүргенде қызмет бабында пайдаланған заттары бүгінде музей төрінен орын алған. 2003 жылы Н.Төреқұловтың қызы Әнел Нәзірқызы әкесінің бірқатар жеке заттарын Түркістаннан шыққан білімді азамат Ыбырай қажы Ысмайыловқа аманат етіп тапсырып кеткен болатын-ды. Сол Мәскеуден келген экспонаттарды Түркістанда 2006 жылы ашылған Нәзір музейі құнды экспонат ретінде тіркеуге алған-ды.

Нәзірқызы Әнелдің көзінің қарашығындай сақтаған жәдігерлерінің бірі – әкесінің жұмыс үстелі мен орындығы. Жұмыс үстелі арнайы қолдан қызыл ағаштан ойылып, өрнектеліп жасалған. Үстелдің жеті суырмасы бар. Әр тартпасы темірмен бедерленіп жасалған. Орындықтың отыратын бөлігі былғарыдан жасалып, орындық та, үстел де қою қызыл-қоңыр түспен сырланған. Жұмыс үстелінің аяқтары мен орындықтың өзіне тән өте сәнді бейнеленген өрнектері оны ерекше етіп көрсетеді.

Нәзір Төреқұловтың жұмыс үстелі мен орындығы өткен ғасырдың ескерткіші болғандықтан, бірнеше рет қайта жөндеуден өткен.

Жұмыс үстелінің бойы – 100, ұзындығы – 55, ені – 60 см. Орындықтың биіктігі – 105, ені – 50 см құрайды.

Жалпы, бұл күндері сол Нәзірден қалған жәдігер – үстел мен орындыққа музейге келуші әрбір көрермен тамсана, қызыға қарайды. Өйткені, бұл жәдігер Нәзірдің қилы – қилы өмір тағдырынан сыр шертіп тұрғандай.

Бағлан Ташимов,

музей қызметкері

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413