Сейсенбі, 19 Мамыр 2026
Жаңалықтар 149 0 пікір 19 Мамыр, 2026 сағат 15:04

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға құрмет көрсетті

Сурет: әлеуметтік желіден алынды.

Жарма аспанында ән қалықтап, біртуар әнші темір тұлпар мінді: Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға құрмет көрсетті.

Абай облысы, Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бастамасымен ұйымдастырылған гала-концерт халықтың есінде ұзақ сақталатын болады. Аталған  гала-концертте қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетіп, кеш соңында Роза Рымбаеваға бағалы сыйлық табыс етілді.

Енді осы айтулы мәдени шараға егжей-тегжей тоқталатын болсақ. Кешкі уақытта ауылдың орталық алаңына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ашық аспан астында өткен концерттік бағдарлама жармалықтарға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, танымал әншілер Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және жастардың сүйікті орындаушысы Kalifarniya сынды өнер майталмандары әуелете ән шырқады.

Әсіресе, Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы кештің ең жарқын сәтіне айналды десек артық айтпаймыз. Көрермендер сүйікті әншісін ерекше ықыласпен қарсы алып, оның әлемге танымал әндерін бүкіл ауыл болып бірге шырқады.

Өнерге көрсетілген тағзым

Аталған өнер кеші – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың қазақ өнерінің примадоннасына көрсеткен құрметімен ерекшеленді. Ол сахна төрінде Роза Қуанышқызының ұлттық мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, халық әртісіне темір тұлпар мінгізді.

"Бұл – тек бағалы сыйлық емес, бұл халықтың атынан, жерлестеріміздің атынан өнер иесіне деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі," – деді депутат өз сөзінде.

Айта кетейік, бұл шара тек концерт қана емес, ауыл тұрғындарының басын қосқан, рухани мәдениетті дәріптеген маңызды оқиға болды. Жармалықтар мұндай деңгейдегі шараны ұйымдастырған азаматтарға өз алғыстары мен ақ тілектерін жаудырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2898
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2000