Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 5331 9 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 14:15

Ресейден қашқан спортшылар: Азаматтық емес, ақша керек!

Былтырдан бері 10 ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алған. 

«Қазақстанға 10 спортшы көшіп келіп, азаматтығын ауыстырған. Ал 204 спортшы спорттық азаматтығын өзгерткен немесе өзгертуге ниетті. Бұл көрсеткіш спорт азаматтығын өзгерту туралы хабарламаларды, жарысқа қатысушылар туралы ашық деректерді, сондай-ақ спорт федерацияларының тізімдерін сараптай отырып жасалды»,- делінген хабарламада.

Спортшылардың азаматтығын ауыстырғаны туралы ашық жариялана бермейді, көбіне халықаралық жарыстарда анықталып жатады. Кремльдің Украинаға жорығы, Ресейдің басқа салаларымен қоса, спортшыларына да кесірін тигізді. Әлемдік қауымдастық соғысты қолдайтын ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салды. Ресей спортшылары олимпиада ойындарына бейтарап тумен шығып, елдің әнұраны орындалмай қалатын сәттер жиіледі.

Соғыс басталған сәттен бастап Ресейдің 200-ден астам спортшысы өзге ел азаматтығын алған.

2022–2023 жылдары 141 ресейлік шахматшы азаматтығын ауыстырған. Оның ішінде танымал Кирилл Алексеенко, Евгений Романов, Александр Мотылев, Алексей Сарана, Александра Костенюк пен Алина Кашлинская да бар.

Мәнерлеп сырғанаушылар арасында Глеб Смолкин, Диана Дэвис, Софья Шифрина, ат спортынан Екатерина Дубровина, Елизавета Минина мен Алина Свердлова басқа елдің азаматтығын алған. Ресей теннисі де біраз талантты спортшыларынан айырылды. Басқа елдің азаматтығын таңдағандар арасында Елена Рыбакина, Варвара Грачева, Натела Дзаламидзе бар.

Жалпы ресейлік спортшылар ең көп кеткен ел Израиль саналады. 25 ресейлік спортшы енді Израиль туының астында өнер көрсетуде. Екінші орынды Сербия иемденуде. Сербияға 19 спортшы кеткен. Артынша Германии – 13, Франция - 12 спортшы, Польша – 11, Қазақстан – 10 ресейлік спортшыдан қабылдаған. Ұлыбритания мен АҚШ, Канада және Испания азаматтығын алған ресейлік спортшылар да жетерлік. Жақында ресейлік танымал теннисші Мира Андрееваның өзге ел азаматтығын алатыны хабарланды. Ол Францияға кетпек.

Қазақстан құрамасына ауысуға өтініш білдіргендер қатарында конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алты дүркін қола жүлдегері Елизавета Голубева мен Ресей чемпионы Кристина Силаева да бар.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244