Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Әдебиет 3759 3 пікір 17 Шілде, 2023 сағат 11:25

Хан Кене

Фото: Әлеуметтік желіден

(Кеңесары Қасымұлына)

Баллада

Қара шалдан бата алып, қараша үйден аттанған,
Құдайының алдында шаһит кешіп, мақталған,
Толқыны асау теңіздей тұла бойда тасып қан,
Арыстандай ақырып, ата жауын шошытқан,
Абылайдың ұрпағы,
Сұлтандардың сұлтаны —
Әзірейіл көзімен сұңқардайын сұқтанып,
Шідерісі шешілген тұлпардайын тепсініп,
Азаттыққа асыққан,
Ей, менің ерен туған, ерлік қылған
Хан Кенем!..

Сөздеріне түкіріп бодан қылмақ ұлықтың,
Бір байрақтың астына батырларды жиып мың,
Дамыл таппай ұрысты далиған бұл далада,
Ұйқы көрмей ал үйде,
шырылдады шарана...
Кекілік Сеңгір дейтұғын қырғыздардың жерінде,
Қырғыз-қазақ соғысты Майтөбенің белінде.
Әскері көп қырғыздар қоршауға алды қазақты,
Жалғыз қалған Хан Кене,
Өлім күтті азапты...
Екі рәкат намазын оқып алып батырым,
О дүние есігін ашып жатты ақырын.
Абдырады сонда жұрт, жеңілдік пе, жеңдік пе?
Басын шайқап, таңырқап өлім жеңген өрлікке.
Тіліп,
Кесіп,
Азаптап,
Салсаң да дағы жәбірге,
Иілмейді ешқашан — иілген бас Тәңірге!..

Елі, жері, Отаны — Хан Кенеден қалған бақ,
Ерлігімен батырдың — екі ғұмыр жалғанбақ.
Хан Кенем-ай!..
Сен құсап,
Ұлтым үшін бұлқынып,
Жұртым үшін жұлқынып,
Шаһиттіктің шәрбатын
Кетем кейде
Армандап...

Біржан Ахмер

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1131
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746