Жұматай Сабыржанұлы. Білігі – биттей, тірлігі – киттей (жалғасы)
Сұмдық сурет
Тарих жотасындағы қазақ қабірінің басында Уақыт отыр. Міне, құлқуалланы екі қайырды. Енді бір рет қайырады. Сонымен тәмам! Уекең (Уақыт) орнынан тұрады да, етек-жеңін қағынып....желе жортып тарта береді...
Р.S. Өкіметтің бет-аузына қарасам, осындай сұмдық сурет көз алдыма келеді. Құдай, өзің кешіре көр!
Өтірігі көп өмір
- Кітабың не жөнінде?- деді маған.
- Өтірігі көп өмір жөнінде,-деп езу тарттым.
Межеге жете алмас көш.
Асқар Сүлейменовтің «Адасқағын» қайыра оқып шыққанда ұққаным- Асекеңнің асуына жету үшін қазақ оқырмандарының көші ұзақ жылдар сапар шегер. Соның өзінде көш тұтасып межеге жете алмас.
Білігі – биттей, тірлігі – киттей
Адамдар сияқты, кейде ортақол, тіпті нашар өлеңдерге де бақ қонады.
Бақ қонған деген сол, оған жақсы ән жазылады да жұрт жылдар бойы айтып жүреді.
Ойхой мен оллахи!...
Ойхой! Ақмолада қазақтардың саны 50 пайыздан асқанын көріп өлсем деуші едім, жан тәтті, енді өлгіміз келмейді. Себебі де бар: Алматыдан келгендердің көбі орысша. Бәрін былай қойып мәдениет, ақпарат министрлігіндегі «вич» - тер мен «вна»-ларды көргенде көзің көкшиеді.

Енді Астана қазақтарының 60 пайызы қазақша ойлап, сөйлеп, жазғанын көріп (әрі қарай таудан құлаған тасқын секілді жолындағыны жапырып жүре бермек) өлгіміз келеді-ақ. Соған жетсек, әрі қарай сылтау іздемес едік, Оллахи!..
Отклигім – күйігім...
Қалбалақтап-қалбалақтап өз аяғымен келген ой:
Отыз жыл жолдас болған отклигім,
Отклигім – бойымда көп күйігім... (мемлекеттік газет тілшілерінің Гимні дерлік).
Дарыннан аясаң...
Кейқуаттың бір келіншекке берген кеңесі: «Дебильге берген дүниеңді дарыннан аясаң, дура болғаның».
Мөлтек ой
Ненің жаман екенін білсең болды ғой, ненің жақсы екені өзінен-өзі танылмай ма?
***
Қазақ дәстүрі: мүгедек, жарымжан адамдарға күлуге тыйым салады... мыналарға да күлуге болмайды. Бұлар да мүгедектер – рухани мүгедек, жарымжандар!
Езуге түскен күш
Мұртымның жоқтығынан осы жолы қатты қиналдым. Театрдағы бір қойылым туралы жазған сыныма бір бастықсымақ: «Сен қатігезсің!» деп баға бергенде мұртымнан күле алмадым. Амалсыз езуге күш түсті. Қимылдайтын рет – қылшықтікі еді.
Қайраққа жану
Өтпей қалған пышақты қайраққа жанып-жанып жіберсең кәдеге асып кетпей ме. Сол секілді, кейде бір тілім жүрмей, тілім жүрмеген соң қолым жүрмей отырғанда, қу жанды қинамай қағазды жиып тастап, Ғабеңнің шығармаларын оқып жата қалам. Құдайдың құдіреті, бір-екі әңгімені тәмамдаған соң тұтығып кеткен тілімнің.... сырғи бастағанын сезінгендей боламын.! Құдірет қой Ғабең-Ғабит пайғамбар. Ғабеңе құлағанның бір ғана жаман дері – шамалы жазғанына аузың тұшымай қояды.
АҚШ аяғымыздың астында қалатын еді
«Кемшілікті көп көреді» деп кінәлайды мені. Оу, ағайындар-ау, айналаң толған кемшілік болса, қалай көрмеске?
Жорналистердің көзді жұмып көйіте бергенінен қоғам көктесе ендігі АҚШ аяғымыздың астында ақшаңдап жататын болды емес пе?..
Қатігез десе десін
Жазған сындарыма қарап мені қатігез дейтіндер бар екен. Десе, десін. Жағымпаз демесе болғаны. Қатігездік жағымпаздықтың қасында қаһарман дегенмен бірдей.
Этикаға жат қылық
Екеуінің шүйіркелесуі жиі. Дүниенің тұтқасын екеуінің бірінің қолына берсе, анаусы бассыз қалар еді!.. Мен өзім ұнатпайтын адамыммен сөйлеспек түгілі амандаса алмаймын. Осы жұрт сайқал-ей! Елсіз-күнсізде кездессе бірінің бірі енін сылып алатындардың өп-өтірік еміренгенін көргенде ерніңді шығарайын десең – этикаға қайшы.
Тұғырлы тақырып
Төрт тұрық. Осындай атпен фельетон жазса. Асықтың төрт тұрығы – алшы, тәйке, бүк, шік. Бір бастықтың осындай сәттерін...
Сілекей сырқаты. Бұл да фельетонға жарап тұрған тақырып. Бізде не болса соған тамсанып, нені көрсе соған сілекейі шұбыратындар көп. Осы біздің газет мақалаларынан да үзінділер келтіріп отырып та жазып шығуға болады мұны. Қызық болар еді.
Марқая сөйлесе – айып емес
Мұхаңның (Мұхтар Мағауин) мақтана сөйлегенін күстаналайтындар бар. Ал мен ойлаймын, тау қопарған кісі марқая сөйлесе – айып емес. Бір күрек басы шым оя алмай жүріп шірену, әне, нағыз өлімнен күшті ұят сол!
Мен Мұхаңды мақтанды деп есептемеймін, марқая сөйлегеніне мейірленемін.
Өзін әлдекімдерге мақтату үшін маңдай терін мың төгетін «марқасқалар» әрекетінен гөрі Мұхаңның осылай, өз бағасын өзі бергені – кісілік, адалдық.
«Білім ұлы адамды жуасытады...» деген бекер ме деймін, осы Мұхаң асау ғой.
Жұматай!
Бұл дүние жалған екен,
Абылай, Абайдан да қалған екен.
Үзілген Алашымның алтын жібін,
Түркінің қай баласы жалғар екен?!
Жүрегі құсалы құс мен де көктің,
Жүз рет жерге құлап, жөнге кеппін.
Ахмет, Міржақыптың соңындағы
Соңғы бір тұяғы едің-
Сен де кеттің.
Құл туса-
Жүреді де болғандай боп,
Ұл туса-
Туады ылғи сор маңдай боп.
Алаш деп Торғайдан кеп Астанаға
Шырылдап сен де кеттің
торғайдай боп!
Алашқа Алла өзі ырымдаған,
Бозторғай-көгім де алаң,
қырым да алаң.
Сен кеттің...
Алаш пенен Торғай қалды,
Бозторғай қалды сонсоң, шырылдаған.
Алашың- Алтын Орда- үйің еді,
Дүрлігіп тұр несіне дүйім елі?
Дүниеге жылап келіп, бозторғайым,
Мысқылдап кеттің сол бір дүниені.
Алашың ғұмыр кешкен азаппенен,
Аллаға бармас енді мазақпенен,
Сен кеттің,
Сенің күлкің қалды, бірақ,
Оспанхан дейтін Ұлы Қазақпенен...
Серік Ақсұңқарұлы, ақын
Соңы
Abai.kz