Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1786 3 пікір 17 Шілде, 2023 сағат 12:59

Қатал заң, әділ сот болмаған жерде бәрі бекер!..

Қатал заң, темір тәртіп, әділ сот болмаған жерде қылмыстың бәрі қайталана береді.

Сарыағаштағы елді дүрліктірген, бес жасар періште қызды кескілеп, қорлап өлтірген қанішер бұрын кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталған кәнігі қылмыскер екен… Ол осыдан бір-екі ай бұрын көршісін балталап, ауыр жарақаттағаны үшін 3 жылға шартты сотталған болса, қалай ауыл аралап, арақ ішіп талтаңдап, бес жасар қызды айуандықпен азаптап өлтіріп, жантүршігерлік қылмыс жасауға дейін барып жүр?!.

Түркістан облысында полиция, сот жұмыс істей ме өзі?!.

Алматы қаласындағы 7 жасар өгей қызын азаптап ұрып өлтірген жалмауыздың еркінсуінде де полицияның кінәсі бар. Өйткені, өгей шешенің қатыгездігі туралы көршілерінің шағымдарына селқос қарап, дер кезінде шара қолданбаған. Әрине, бұл жерде өзінен он бес жас үлкен “қоғамдық белсенді” әйелге үйленіп, қызын қорғай алмаған сорлы әке де кінәлі…

Негізі, ешқандай саудаласусыз, бұлтақсыз аса ауыр қылмыстарға өлім жазасын қайта қалпына келтіру керек!

Қазыбек Исаның жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052