Сенбі, 23 Қараша 2024
1450 1 пікір 8 Тамыз, 2023 сағат 13:50

Астана: Бейжіңмен визасыз режим рәсімі аяқталды

Қазақстан Қытаймен визасыз режимге өтудің барлық заңдық рәсімдеуін аяқтағаны жөнінде Пекинге хабар берген.

"Қазіргі уақытта Қазақастан тарапы ішкі мемлекеттік рәсімдеудің бәрін аяқтады. Енді қытай тарапынан да дәл осындай рәсімдеудің аяқталғаны жөнінде хабар күтеміз", - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров дүйсенбіде брифинг кезінде.

26 шілдеде Қазақстан үкіметі Қытаймен виза талап етуден босату жөніндегі өзара келісімді бекітті. Бұл келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары 30 күнге дейін визасыз жүре алатын болады. Биыл 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға барған сапарында аталған келісімге қол қойған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара қашықтығы 1 783 шақырым.

Былтыр шілде айынан бері Қазақстан Қытай, Үндістан және Иран елдерінің азаматтарына 14 күнге дейін біржақты визасыз режим енгізген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407