Жексенбі, 6 Қазан 2024
Жаңалықтар 3446 0 пікір 22 Маусым, 2013 сағат 10:34

Жаңа атау: «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 1-шілдеден бастап жаңа форматта жұмыс істей бастайды. Оның толықтырылып, өзгертілген нұсқасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» деп аталмақ. 

Форумның пленарлық отырысында осы жаңашылдықтар жан-жақты түсіндіріліп, бағдарламаның аралық қорытындысы шығарылды. 

– Мемлекет басшысы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін ешқашан ескерусіз қалдырған емес. Қаржылық дағдарыс кезінде «Жол картасы» бағдарламасы бізді жаппай жұмыссыздықтан құтқарып қалғанын жақсы білесіздер, ал 2011 жылы іске қосылған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бүгінге дейін 60 мыңнан астам адам қатысып үлгерген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жоғарыда аталған екі бағдарламаны да қамтиды. Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа бағдарлама әрі жедел атқарылатын, әрі жүйеленген іс-шаралардан тұрады, – деді форум барысында Ербол ОРЫНБАЕВ. 

Үкімет басшысының орынбасары жиналғандарға жаңа бағдарламаның ерекшеліктері жайында барынша мол мағлұмат беруге тырысты, оның айтуынша, бағдарламаның іске асырылу барысы Үкіметтің ұдайы бақылауында болады. Сондай-ақ, Премьер-министр әрбір өңірдегі жұмыстың нәтижесін өзі жеке-жеке қарастырмақ.    

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асуы барынша ашық және айқын болуы тиіс, – деп атап өтті вице-премьер. – Тұрғындар ақшаның қайдан келгенін, қай мақсаттарға жұмсалғанын және ең бастысы осы жұмыстардың барлығы не үшін атқарылып жатқанын біліп отыруы керек. Бұл ретте жергілікті билік органдарына жауапкершіліктің ауыр жүгі артылып отыр. Егер олардың қазына қаржысының тиімсіз пайдаланғаны анықталса, қайта есептеулер жүргізіп, ақшаны табысты жұмыс істеп жатқан өзге өңірлерге аударатын боламыз.    

Жиына барысында аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ мемлекеттік бағдарламаның біздің облыста қалай іске асырылып жатқаны туралы айтты.

– «Жол картасы» бағдарламасының арқасында өңір тұрғындары 2009-2010 жылғы дағдарыстың салқынын сезінген жоқ. Аталмыш бағдарламаны біз облыста ары қарай да жалғастырдық. Атап айтсақ, жергілікті бюджеттен 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, шамамен алты мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды, – деді ол.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асырылып жатқан үш жылдың ішінде Шығыс Қазақстанға 2ғ миллиард теңге қаржы бөлініп, 2ғ мыңнын астам адам жұмыспен қамтылған. Нәтижесінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі күрт қысқарып, аз қамтылған азаматтар саны 20 пайызға кеміпті.

– Бұл бағдарлама негізінен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Осы орайда облыста 183 несие серіктестігі құрылып, табысты жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті аймақ басшысы. 

Шығыс Қазақстан бағдарлама аясында 9 миллиард теңгеге өтінім берген, алайда осы соманың тек үштен екі бөлігін ғана ала алды. Облыс Әкімі бюджетті қайта қарастыру барысында жетпей тұрған қаржының бөлінуін сұрады.  

Өзге өңірлерден келген өкілдер аталмыш бағдарламаны іске асыру жөнінен Шығысқа тек Батыс Қазақстан облысы ғана ілесе алатынын алға тартты. 

– Бізде әлі күнге шейін бірде-бір несие серктестігі құрылмаған, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов. – Бүгін мен осы бағытта қалай жұмыс істеу керектігін өз көзіммен көрдім. Шағын несиелендіру саласы үшін Қостанай облысына небәрі 400 миллион теңге бөлінген. Бірақ, біз сол қаражаттың өзін пайдалана алмай келеміз. Ал Шығыс Қазақстан үш миллиард теңгені игеріп тастап, тағы қаржы сұрап отыр! Сіздерден үйренеріміз көп. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова өз сөзінде бағдарламаға енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының негізгі міндеті – аймақтардағы жұмыс күшінің дисбалансын жою. 

– Жаңа жобада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының барлық артықшылықтары сақталған, сонымен қатар оған бірқатар толықтырулар енгізіліп отыр. Атап айтар болсақ, енді бағдарламаға қатысушы жұмыс берушілерге және оқу орындарына деген талап күшейтілмек. Бұл ретте Шығыс Қазақстанның тәжірибесін үлгі етіп алуға болады, – деді Тамара Дүйсенова.

Отырыста жастар ұйымдарының өкілдері сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Мәселен, олар кәсіпкерлер алдына тым құрығанда бір жас маманды жұмысқа алу сияқты міндет қою қажеттігін алға тартты. Бұл идея Үкімет басшысының орынбасары тарапынан қолдау тапты. 

– Қазақстанның Шығысындағы ауылдарға алғаш рет келіп отырмын. Байқағаным, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға қыруар шаруа атқарылыпты. Кәсіпкерлік саласы өркендеп, ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді екен. Атап өтерлік бір жайт, дәл осындай бағдарлама өткен ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ-та қабылданған болатын. Құрама Штаттардағы қазіргі күре жолдар мен көпірлердің, саябақтардың көбі со кезде салынып, ел аса ауыр қаржылық дағдарысты еңсеріп шыққан еді. Сіздерде де сондай ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы ресми өкілі Стивен ТУЛЛ. 

Басқосу соңында Премьер-министрдің орынбасары Ербол ОРЫНБАЕВ жиынды қорытындылап, атқарушы билік органдарына бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. 

Форумның пленарлық отырысынан соң Үкімет басшысының орынбасары журналистерге арнап сұхбат берді. Ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» дағдарысқа қарсы кешенді әрі ұзақмерзімді бағдарлама екенін тағы бір мәрте қайталады, оның басты мақсаты – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, әсіресе ауылдық жердегі және еліміздегі жұмыс күштерін ұтымды орналастыру.

Abai.kz

0 пікір