Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 6085 0 пікір 30 Маусым, 2013 сағат 21:34

«Құдайым әр ақынға М.Шахановтай қызмет етуді жазсын»

Бауырлас екі елдің туысқандық жағынан өте жақын екенін терең жеткізе білген өлең жолдарының авторы Мұхтар Шаханов ағамызбен бірге Қырғыз жеріне бару бақыты бұйырған болатын. Осы сапарда қазақтың біртуар ақынының азаматтығына қарапайымдылақ болмысына тағы бір рет разы болып қайттық. Бір туған Қырғыз бауырлардың мәдени-рухани салаға ерекше көңіл бөліп отырғанын  ақын ағамызбен болған кездесулерден аңғардық. Сапардың басы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі Мұхтар Шахановты құрметті профессор атағымен марапаттаудан  бастады. Бауырлас елдердің ынтымақтастығының жаңаша деңгейде дамуына Мұхтар Шаханов Қырғыз республикасында он жыл қатарынан Елші болып істеп тұрған тұсында, Қырғыз елінің тілін, рухани құндылықтарын қорғауда қазақ ақынының қызметі ерекше болғанын ол елдегі адамдар әлі күнге дейін аңыз етіп айтып жүр екен.

Бауырлас екі елдің туысқандық жағынан өте жақын екенін терең жеткізе білген өлең жолдарының авторы Мұхтар Шаханов ағамызбен бірге Қырғыз жеріне бару бақыты бұйырған болатын. Осы сапарда қазақтың біртуар ақынының азаматтығына қарапайымдылақ болмысына тағы бір рет разы болып қайттық. Бір туған Қырғыз бауырлардың мәдени-рухани салаға ерекше көңіл бөліп отырғанын  ақын ағамызбен болған кездесулерден аңғардық. Сапардың басы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі Мұхтар Шахановты құрметті профессор атағымен марапаттаудан  бастады. Бауырлас елдердің ынтымақтастығының жаңаша деңгейде дамуына Мұхтар Шаханов Қырғыз республикасында он жыл қатарынан Елші болып істеп тұрған тұсында, Қырғыз елінің тілін, рухани құндылықтарын қорғауда қазақ ақынының қызметі ерекше болғанын ол елдегі адамдар әлі күнге дейін аңыз етіп айтып жүр екен.

Мұхтар Шахановтың келуі алдын-ала хабарланып, елге жария болғандықтан кездесу залдарында ине шаншар орын болмады. Осы елде он жылдан астам Қазақстанның елшісі қызметін атқарған Мұхтар ағамызға қырғыздың бір ақыны: «Сіз өзіңізге дейінгі және кейінгі елшілік қызметте жүрген азаматтарға үлкен жол көрсетіп кеттіңіз. Кез-келген екі елдің мәдени-рухани, саяси-әлеуметтік дамуында елшіліктің қызметін халықтың қарым-қатынас үйі, жұртшылыққа елшілік деген атына сай қызмет көрсететін мәдениет үйіне айналдырып жіберген едіңіз. Қазақстанның елшісі болып тұрған кезіңізде Қазақстан елшілігінде, Сізден көріп басқа елшіліктерде көптеген мәдени іс-шаралар өткізіліп тұратын еді. Қазір елшіліктің барлығының не істеп, не қойып жатқанын білмейсің, керек болса елшілердің кім екенін де білмейміз. Сіздің дипломатиялық қызметтегі осы үрдісіңіз арнайы сабақ ретінде елшілерге өткізілуі керек десті».

Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде өткен Мұхтар Шахановтың аға-досы Қырғыздың қайталанбас дарыны Ш.Айтматовқа арналған «Шындық формуласы және махаббат Эвересіне көтерілу» деген атпен жарыққа шыққан кітабының тұсаукесері өзінше бөлек рухани әңгімелердің алаңы болды. Қырғыз Республикасының үкімет мүшелері бүкіл зиялы қауымымен болған бұл кездесу екі елдің рухани, әлеуметтік, әдеби-мәдени саласы туралы болды. Байқағанымыз «Адамзаттың Айтматовы» Шыңғыс Төреқұлұлы Қырғыз жұртына қандай тұлғалы болса, қазақ ақыны Мұхтар Шахановта сондай құрметті екен.

Сондай кездесулердің бірінде Қырғыз елінің шоң (үлкен) ақсақалы: «Сіздің Кеңестер Одағы тарамай тұрған кезде жасаған қызметтеріңіздің арқасында Қазақ, Қырғыз халықтары өзінің тарихи-мәдени жәдігерлеріне қайта қол жеткізе бастады. Сол кездегі автономиялық шағын ұлттардың тілдеріне Мемлекеттік мәртебе беру туралы ұсынысыңыздың арқасында Одақтас елдердің ішінде қырғыз елі алғашқылардың бірі болып, қырғыз тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткізген болатын. Сол үшін де Қырғыз халқы және басқа Одастас елдердің халқы сізге рахмет айтуы керек» деп ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

Жастардың атынан сөйлеген бір жас жігіт өзінің «Наурыз мерекесінің шығу тарихы және қайта тойлануы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясына дайындалып жүргенін айта келіп: Қазақстанда 62 жыл, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан елдерінде 63 жыл үзілістен кейін қайта тойлануына Мұхтар аға Сіздің қосқан үлесіңіз ұшан- теңіз. Егер өзіңіз бас болып, сол кездегі КОКП ОК бірінші хатшысы Г.Колбинді көндіріп, Колбин Горбачевті бұрмағанда Қазақстанда тойлатпағандарыңызда тағы да 3-4 Наурыз мерекесін тойланбай қалады екен. Оның үстіне сол кездегі ұлтаралық мәселенің күрделеніп тұрғанына қарамай салиқалы жол тауып, түркі жұртының ортақ мерекесін қайта тойлауға қол жеткізу үлкен азаматтық. Түркі дүниесінің жұрты осы еңбегіңіз үшін сізді рухани көшбасшы ретінде қабылдауы сөзсіз». – жас ғалымның сөзі залда отырған тыңдарманды дүр сілкіндірді.

Қырғыздардың саяси партиясының жетекшісінің бірі: «Біз ақпарат құралдарынан оқып, біліп отырмыз, егер сіз бастап аштық жариялап, сізді қолдап қазақ зиялылары 2009 жылы «Қазақстандық ұлт» саясатын тоқтатпағанда, қазір Қазақстан одан кейін Қырғызстан да «Қырғызстандық ұлтта» отырған болар еді деп жатса, Қазақстандық ақпарат құралдарынан «Мұхтар Шахановтың бес ерлігі» деген мақала оқып едік, сол мақалада айтылған ойды өзіңіз тарқатып берсеңіз деп еді, Мұхтар ағамыз: «Ешқандай да ерлік жасаған жоқпын бар болғаны өз халқымның алдындағы перзентік парызымды өтедім. Менің орнымда әрбір азамат осылай жасауы керек. Сіздердің бүгін берген атақтарыңыз мен үшін екі елдің бір-біріне жасаған құрметі деп бағалаймын» – дей келіп, «Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін құрмет дәметпеуі тиіс. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті болуы шарт. Қазіргі кезде түрмеде жатуға тиіс ұрының үш орден, төрт медалі бар солардың қатарында жүргім келмейді. Мен Қазақстаннан берілетін барлық атақтардың бәрінен бас тарттым. Ал, шетелдерден берілетін марапаттарды қазақ баласының қоғамдағы орны үшін аламын» деді. Мұхтар Шаханов 25-ке жуық шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры, докторы және әлемдік деңгейдегі санаулы атақтардың иегері.

1989 жылы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алу жолында үлкен ерлік көрсеткен М.Шахановтың шетелдерден алған марапаттары қазақ халқының мақтанышы. Ұлттық, елдік халқымыздың сатылмайтын асыл қасиеттерін қорғау майданында М.Шаханов талайларға шындық, қайсарлық жолын үлгі етіп келеді. Сөзіміздің соңын Американдық ақын Ж.Ешферидің: «Құдайым әр ақынға М.Шахановтай қызмет етуді жазсын демекпіз» деген қанатты сөзімен аяқтауды жөн санадық.

Еркінбек СЕРІКБАЙ

Abai.kz

0 пікір