Жексенбі, 24 Қараша 2024
Айқай 2504 6 пікір 4 Қыркүйек, 2023 сағат 14:11

Шидің Шыңжаң сапары: «Визасыз режим» не керек?!

Тамыздың 26-сы күні бас хатшы Ши Жинпиң Оңтүстік Африкадағы БРИКС саммиті сапарынан елге оралған жолында арнайы Үрімжіге тоқтап, СУАР партия комитеті, үкіметі және Шыңжаң өндірістік дивизия корпусының есебін тыңдап, жиналған басшыларға «маңызды нұсқау» беріпті.  

No comment

«Біз ұзақ мерзімді тұрақтылыққа баса назар аударып, заң үстемділігін қатан қадағалап, оны қару ретінде тиімді пайдалануымыз керек!

Жасырын жатқан қауіп-қатерден сақтану санасын күшейтіп, сақтықта қор жоқ, оңайшылықпен келмеген тұрақтылықты сақтап қаламыз!

Екінші, Жоңхуа (Қытай) ұлтының ортақ санасын қалыптастыру – партияның жаңа дәуірдегі этникалық жұмысының негізін қалайды!

Үшінші, мейлі қандай заң ережелерін қабылдасаңыздар да немесе саяси шараларды іске қоссаңыздар да, Жоңхуа ұлтының бірегейлігін нығайтуға, сондай-ақ, аталған ұлттың қауымдастық сезімін арттыруға ықпал етуге бағыталсын! Соңдықтан да ұлттық ортақ тілдік саясатты – Қытай тілін үйретуді – тынбай жалғастыруды тоқтатпаған жөн!

Төртінші, Жоңхуа (этникалық қытай - ред) өркениеті – Шыңжаңдағы барлық этникалық мәдениетінің негізін құрайды! Жоңхуа халқының ұлы бірлігін нығайту үшін ұзақ мерзімділік жоспар жасап, мәдени бірегейлігімізді жалғасты нығайтудан шаршамаңыздар!

Бесіншіден, жергілікті кадрларды даярлау үшін ауыл жұмыс топтарын жергілікті жерлерге жіберу, жаңа дәуірде «Фэнцяо тәжірибесін» табандылықпен дамытып, жаңа талаптарға жауап беруге дайын болулыңыздар! Ол үшін күшті кадрлар командасын, қатаң бастауыш ұйымдық жүйені және тиімді бұқаралық жұмыс механизмін құру – істің нақтылы асыруының көрінісі».

(29.08.2023 09:06 Қытайдың ұйымдық һәм кадрлық жаңалықтары сайтынан).

Түйін: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынау: Бұл осы күнге дейін ұйғыр мен қазақтарға қолданған қатаң саясаттан қайтудың орнына, репрессиялық саясатты «заң ережелерімен» толықтыра түсу. Ши төраға осы жолы этностарды қорқыту мен үркіту шараларымен бірге, оларды қытай ұлтына ассимиляциялау үрдісін тең алып жүруді баса айтыпты. Ол үшін қытай тілі және мәдениетінің үстемділігін мектептің табалдырығынан бастап оқыту, мектеп табалдырығын аттап шыққан ұйғыр мен қазақ түлектерін ішкі Қытайға жоғарғы оқу орындарына тегін оқуға жіберіп, оларды оқуын тамамдағаннан соң сол жақта жұмысқа алып қалу, ішкі Қытайдан Шинжаңға қарай ағылатын этнос қытайлардың санын молайтып, ұйғыр шоғырланған оңтүстік Шинжаңға қытай ұлтын негіз еткен «жас кадрлар» тобын тоқтаусыз жіберіп, аталған халықтың үйлеріне орналасып, олармен бірге өмірдің ыстығы мен шыжығын көру т.б. шараларынан құралған қытайландыру науқанын ашық түрде жүргізуді Ши төмендегілерге тапсырды.

Ал, «сақтықта қор жоқ» дегені «Қазақстанмен дос болсан айбалтан жанында болсын!» дегені. Осы жылдың мымыр айында Сиан қаласында Қазақстанмен қойылған қолдың сиясы тіпті, кеппей жатып, Қасым Жомарт Кемелұлы тәліптерді қонаққа шақыра қалыпты. Онымен тоқтап қалмай, Қазақстанның президенті енді, Жо Байденнің Вашингтонда жаятын дастарханың төріне барып, жайғасуға дайындалып жатыпты. Бұны Ши Жинпиң сатқындыққа теңеп, қатты қауыптенеді. Себебі Ресейдің құлдырауымен Орта Азияда вакуум пайда бола бастағанын НАТО шеберлікпен пайдаланып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Ондай болса қазақтарға «визасыз режим» не керек?!

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572