Жексенбі, 24 Қараша 2024
Айқай 3109 20 пікір 5 Қыркүйек, 2023 сағат 13:05

Украина әскерін енді Қырым татары басқарады...

4 қыркүйекте The New York Times жазуы бойынша, әскери саладағы сатып алу кезіндегі жемқорлыққа қатысты Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников орнынан босатылып, Ел Президенті Владимир Зеленский оның орнына Орта Азияда туып-өскен, жер аударылған қырым татарларының ұрпағы Рустем Умеровты тағайындады.

Паносманшылдық бағыттағы түрік басылымы «Aydinlik» Украина Қорғанысының жаңа министрі аймақтағы АҚШ жоспарын жүзеге асырушы тұлға деп сипаттап жазып, Рустем Умеровты 2016 жылы Анкарада әскери төңкерісті ұйымдастырмақшы болған Түркияда тыйым салынған  FETÖ ұйымымен байланысы бар деп жазады.

Сонымен жаңа министрге Түріктің де, Ресейдің атарға оғы жоқ. Ресейдің «Царьград» басылымы «Умеров АҚШ қаржыландыратын FLEX алмаса оқыту бағдарламасы бойынша ТМД елдеріне арнап маман дайындайтын курстан өткен Ресейдің еш бүйрегі бұрмайтын, тіпті, КСРО кезіндегі бауырмалдықты керек етпейтін нағыз Батысшыл НОТО-шыл тұлға» деп сипаттайды.

Бұл тағайындаудың екінші жылға созылған соғыстың барысына әм Қырымды толық азат етуге септігі тиетінін әлем БАҚ ашық жазуда. Жаңа министрдің соғысқа жаңа сипат беретіні жасырын емес.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578