Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4290 0 пікір 19 Шілде, 2013 сағат 10:11

Қазалы қырық күн. Қанішерлерге қандай жаза?

Бүгін Алматыда Ержан Сатыбалды мен Қажымұрат Шешенқұл шаңырағы маусым айында қанішерлер қолынан мезгілсіз мерт болған марқұмдарға қырқы нәзір берді. Қаралы жиынға жиылған қазақ зиялылары бастаған 1000-ға жуық адам қазалы отбасына көңіл айтты. Жұрт талабы – қанішерлерге өлім жазасын беру.
Естеріңізде болса, 11 маусымда Алматы қаласының тұрғыны, Қытайдан келген қандасымыз Ержанның отбасы орыны толмас қазаға ұшыраған еді. Ержанның үйінде жоқтығын пайдаланып, оның жақын ағайыны 19 жастағы Елмұрат Шешенқұлұлы мен жары 34 жастағы Нұргүл Менесбаеваны өлтірген қанішерлер далада ойнап жүрген 7 жастағы Сыламнұр мен 3 жастағы Сырмұхамметті үйге шақырып, тұншықтырып өлтірген.
Марқұмдардың қазасына қан жылаған жұрт қанішерлердің өлім жазасына лайық екенін, егер тиісті жазасын алмаса ел болып қылмыстылардан қанды кегін алатындықтарын айтып еді...
Ержан Сатыбалдыұлы, Нұргүлдің жары, қос сәбидің әкесі:

– Бізге тергеу материалдарымен танысуға ешқандай мүмкіндік берілген жоқ. Естуімізше, қылмыскерлердің біреуі қылмысынан жалтарып жатқан көрінеді. Олардың өлім құшқанын көрмей менің де, жұрттың да жүрегі тыншитын емес. Егер осындай қаныпезерлерді жер басып, тірі жүруге мүмкіндік берсе, Қазақстан заңының қандай қасиеті болмақ! Тіпті, шариғатта да қылмыстыға өз істеген қылмысына сай жаза тағайындау керектігі айтылған емес пе? Мұндай жауыздарды аяусыз жазаласақ, Құдайдың алдында да, адамның алдында да арымыз таза болар еді...
Қаралы жұрттың сөйлеуге шамасы жоқ. Бәрінің айтатыны, «бұл жауыңа да тілмейтін сұмдық!». Олар мұндай жантүршігерлік қылмысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхмабет Қасымовтың тікелей назарында ұстауын талап етіп отыр.
Қазаның арты қайырлы болғай! Жүрегі темір адамдар болмаса, алтын ұя отбасы бар, құшақтарында моп-моқан сәбилері бар кез келген жан Ержанның қайғысын шын түсінер...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279