Сенбі, 12 Қазан 2024
Билік 2870 17 пікір 14 Қыркүйек, 2023 сағат 15:04

ОА-ны Қытай мен Ресейден айыруға АҚШ-тың күші жете ме?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V-ші консультативтік кездесуіне және халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен болады.

Оның алдында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен 25 тамызда Астанға келіп кеткен еді.

Осы сапар барсында екі елдің президенттері жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізіп, Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысқан болатын.

Жалпы ОА мемлекеттерінің аралас-құраластығы соңғы жылдары Ресейге жалтақтамай, артып келеді. Бұрын тек Қытай мен Ресей ғана бауырына басқан аймаққа Украинадағы соғыстан кейін АҚШ та қызығушылығын арттыра бастағаны жасырын емес. Таяу арада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АШҚ-қа іс сапармен баратындығын мемлекет басшысының баспасөз орталығы мәлімдеді.

Байден әкімшілігі ОА елдерінің Ресейден іргесін аулақ салуы үшін бар күшін салуда. Ең басты мақсат осы елдердің билігінің бойына орыс пен қытай қауіпін сіңіру арқылы Қытай мен Ресейге қарсы әрбір әрекетке дем беріп отыру.

Бұдан бөлек Ресейдің өзіне салынған санкцияларды ОА елдері арқылы айналып өтуінің жолын кесуде Қазақстанның алатын орны бөлек. Өйткені ол ОА-да Ресеймен шектесетін мемлекет. АҚШ қанша жерден күш салса да, Астана Ресейді ашық жамандауға аттап баспайды. Және БҰҰ антиресейлік резолюцияларын жақтап дауыс бермейді. Міне, осындай проблеманы болашақта АҚШ қалай шешетіндігі президент Тоқаевтың осы елге барған сапарында біршама белгілі болады.

АҚШ-тың басты мақсаты – ОА-ны Қытай мен Ресей ықпалынан айыру. Оның бұл мақсаты жүзеге асу аспауын тек уақыт қана көрсетеді.

Abai.kz

17 пікір