Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 8262 0 пікір 19 Шілде, 2013 сағат 11:09

Ахметбек Нұрсила. «Екеуіне де Абай атам кінәлі»

Екі айрыққа тіреліп, жолаушыдай адасқан,
Екі ойлы боп жүремін, жүрек, миым таласқан.
Екі адам өмір сүреді -  бір денеде болғанмен,
Екі талай дүние, кімдерге осы жарасқан?

Осы өлеңді осыдан 10 жылға жуық бұрын жазып едім.
Өзіммен өзім соғысып, не жеңбей, не жеңілмей “ит жығыс” болып жүргеніме міне, содан  бері, “жергөктегі баланың ойынын тастап бозбала болатындай, бозбаланың жалынды жасқа айналып, қарасақалдың ақсақал жасқа жететініндей,” уақыт өтіпті. Сол уақытты ыржыңмен, өсек - аяңмен, достармен, ағайындармен тартысып -таласумен, күйкі тірлікпен, ішіп - жегенге мәз болуымен өткеріппіз.

1980 жылдары қиялдаушы едім: “Шіркін, Семейден бір үш комнаталы квартираға қолым жетсе ғой, содан цех бастығы болып алсам, содан пенсияға шықсам, кәртейгенде бір дача салып алып сонда көршілермен сыра ішіп, домино мен қарта ойнап, моншама түсіп, бақшамды шұқылап өмірімді өткізсем, содан артық қандай бақыт керек?” деп. 

«Адам баласына осыдан артық қандай бақыт керек» деген пәлсәпа қиялым «Соцлагерь» деген түрмеден шықпаған, көрсоқыр бейбақтың, қожайынның тастаған сүйек -саяғы мен жуындысын ішетін қара төбеттің қиялындай ғана пәлсәпа  екенін Құдайға шүкір басында қалы бар тақырбас “Соцлагерді” әдейі ме, әлде өзі не істегенін байқамай қалды ма, әйтеуір құлаған соң түсіндім.

Әкейден берілген пысықтық пен жұмыскерліктің арқасында 1997 жылдары көп елден бұрын, ата - бабам бармақ түгіл армандап та көрмеген Германия, Италияға барып, сондағы өмірді көріп: “Не деген сорлы халықпыз, бізді Алла тағала неге осынша жазалады екен. Мыналар пейіште, біз тозақта өмір сүріп жатыр екенбіз ғой?” деп жылап, өмірден түңіліп, құлазып қайтқаным есімде. Павлодарда 10 қабаттағы балконнан сүреңсіз аулаға, тозған темір гараждарға қарап тұрып, көз алдыма Рим мен Франкфурт елестеп “Шіркін, біздің Қазақстанда қашан сондай өмір болады екен” деп қияалдап, көзім буланғаны әлі есімде.

Сол жылдары Алаштың ардақтысы Мағжанның “Мен жастарға сенемін” деген өлеңін оқып, Мағжан айтып отырған ЖАС нағыз мен емеспін бе? Маған қаратып айтып отыр ғой Мағжан бабам? Советтің шынжыры өзінен өзі шіріп түсіп қалды, қолым да бос, аяғым да бос, енді Алаш атын аспанға мен шығармағанда кім шығарады” деп сілкініп, талай түндер тәтті қиялдардың құшағында, ұйқыға кеткенше жоспар құрып жататын түндерім көп еді!
Бірақ ол қияалдар сол қиял күйі қала берді, күндер жылжып, айлар сырғып өте берді.

1990 жылдары Абайға бас қойып оқып, өзімше іздене бастадым. Өмірдің мәні неде деген сұрақтармені қайта мазалай бастады.
“Мені мен менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес” деген өлеңінің пәлсапасын түсіне алмай, түсіндіретін адам таба алмай, әркімнен бір сұрап сандалғаным да бар еді. “Неге жалғыз Абай білгіш болады да, бар адамзат өңкей білмес болады” деп тағы далұратынмын.
Сол өлеңнің жауабын Хакімнің басқа өлеңдерінен тауып “ Е, мені де Алла тағала төбемді тесік қылып жаратқан екен-ау, менде де Абайды түсінетін сәуле бар екен-ау” деп өзіме өзім бір риза болғаным есімде.

Содан алғашқылардың бірі болып Бизнеске бел шешіп кірісіп кеттік! Бизнес жайлы білім бізде ол кезде қайдан болсын??
1995 жылдан бастап бұрын нанша жейтін қазақша кітаптарды тастап, шет елден орыс тіліне аударылып жатқан: Менеджмент, Маркетинг, Реклама, Мотивация, Логистика дейсіз бе, әйтеуір еркін экономиканың қыр-сырына жетелейтін дүниелерді қырық күн шөлден келіп суатқа жеткен түйедей сіміріп оқи бастадым. Өмірін күреспен, ізденумен өткізген, талай шаруалар істеп кеткен әлемдегі мықты деген адамдардың мемуарларын оқуға  да осы кезде мүмкіндік туды.

Аса бай да емес, аса кедей де емес, не ішем, не жеймін дейтін жағдайды өз басыма осы жылдары жасадым , шешем қолымда, ағайын туғаныма қолымнан келгенше көмегімді тигіздім. Неге екенін аса байлыққа құмарта алмадым.  Өйткені, Лев Толстой деген шал бір кездегі осы ел қызғанатындай бай болсам деген бір ниетімді быт шыт қылып өлтіріп тастаған болатын.
Бірақ осы өмірімнен еш ләззат ала алмадым, материялдық жағдайым жақсы болғанмен, ішімде ылғи ит өліп жатады. Өзіме өзім көңілім толмай, сатқындық жасап сатып кеткен адамның кейпінде жүрдім.

Маған осы күнге дейін екі ой маза бермей келеді: екеуіне де Абай атам кінәлі:
Біріншісі:
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның
бірі боласың».
«Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған»
«Әрекет қыл, пайдасы көпке тисін» дейді.

Өзімше сілкініп: “Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап” әрекет етуді жөн көріп іске кірісіп кеткім келеді.
“Жинаған терген білімімді жастарға үйретейін, ФБ (facebok.com әлеуметтік желісін айтады. -ред) деген керемет құрал шығыпты, сол арқылы маңайымдағы адамдарға ықпал жасайын, Қазақтың бай болып, білімді болып, мәдениетті болып алдыңғы қатарлы елдердің санатына кіруіне титтей де болса үлесімді қосайын” деп шештім. Бұл талабыма Ахмет Байтұрсын бабамның өсиеті қамшы болды.

Біраз құлшынпата  көрдім.

Сосын, екінші ой қылаң беріп қоймайды:
Екінші ой:
“Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып".
“Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы!”
“Жай жүргенді уерд* қылып, Тыныш өлсеңші тегінде”

“Абай түзете алмаған Қазақты түзейтіндей, жол сілтейтіндей сен кім едің?!!!”- деген ой еді бұл.

Осы екінші ой кейінгі кезде бел алып, жеңіп бара жатыр мені.

* уерд - әдет, қалып деген сөзді білдіреді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279