Жексенбі, 24 Қараша 2024
Аймақ 1840 1 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 13:15

Қарағанды неге жарықсыз қалды?

Қарағандыдағы үшінші ЖЭО-да апат болып, қала жаррықсыз қалды.

«3-ЖЭО - да технология бұзылды. Қорғау іске қосылған кезде 220кВ ОРУ өшірілген», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

«Электр жарығынсыз қалған абоненттердің саны нақтылануда», - деп толықтырды облыс әкімдігі.

Қарағанды қаласы ғана емес, Қарағанды облысының кейбір бөлігі де жарықсыз қалған. Себебі Топар 2-МАЭС-те де апат болған.

«Бүгін таңертең Қарағанды қаласының 3-ЖЭО және Топар 2-МАЭС станцияларында штаттан тыс жағдай болды. Қазір Топар МАЭС қазір жүктемені көтеріп жатыр және менің тапсырмам бойынша бірінші орынбасарым Владимир Басин болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін станцияға барды.

Қазір KEGOC-пен, біздің өңірдің тұтынушылары үшін қысқа мерзімде жүктемені көтеру және электрмен жабдықтау станцияларымен бірлесіп барлық шаралар қабылданып жатыр», - деді Бөлекпаев өңір тұрғындарына жасаған үндеуінде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555