Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алыстағы бауырым 2302 6 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 14:40

Таулы Қарабақ республикасы өмір сүруін тоқтатты!

«Жер астынан жік шықты екі құлағы тік шықты» деген сөз Әзербайжанның тарихи бөлігі Таулы Қарабаққа қарата айтылғандай.

Ондағы «Арцах Республикасын» тіпті, жақыны Арменияда мойындаған жоқ. Армениядан бір, Ресейден бір қаржылық көмек алып, әбден даңдайсыған өңірді Әзербайжан 2020 жылы тәубесіне келтірді.

«Қырық бір жақ, қыңыр бір жақ» деген сөздің шындығын осы Таулы Қарабақтағы 2020 жылдан кейін болған оқиғалардан көре алдық. Тіпті, өздерінің жаңа басшысы Самвел Шахраманянды сайлап, үй ішінен үй тікті. Сонда сенгендері АҚШ пен Франциядағы сөзінің салмағы бар армян диаспорасы болды.

Бірақ бұл үміт ақталмай, Әзербайжан әскерін кіргізген соң, қаруларын тастап, біртұтас Әзербайжаның бір бөлшегіне айналып шыға келді. 130 мың тұрғынның 65 мыңдайы бұған көнбей, Таулы Қарабақты тастап шықты. Осылайша соғыстан көз ашпаған өңірге бейбіт өмір мәңгіге орнықты.

Заңсыз сайланған Таулы Қарабақтың басшысы Самвел Шахраманян жікшіл Республиканың өмір сүруін тоқтатқаны туралы Жарлық шығарды. Енді біз өз оқырмандарымызға осы жарлықтың толық мәтінін ұсынып отырмыз.

Қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты Арцах халқының дін амандығы мен өмірілік мүддесін басшылыққа ала отырып, Ресей бітімгерлік контингенті басшылығының арағайындығымен Әзербайжан Республикасымен қол жеткізген келісімшарттар негізінде қаруын тастап берілген әскерилерді қоса алғанда, Таулы Қарабақтың тұрғындарының еркін, ерікті және кедергісіз өз мүліктерімен, жеке көліктерімен Лашын дәлізі бойынша жүріп-тұруын қамтамсыз ету үшін Таулы Қарабақ Конституцияның 93 бабын басшылыққа ала отырып төмендегі шешім қабылданды:

1. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және оған бағынышты ведомствалар таратылады және Таулы Қарабақ Республикасы (Арцах) өз өмір сүруін тоқтады.

2. Таулы Қарабақ тұрғындары, оның ішінде республикадан тысқары тұратындары аталған Жарлық күшіне енген кейін Әзербайжан Республикасы ұсынған реинтеграция жағдайымен танысып, Таулы Қарабақ қалу (оралу) мүмкіндігінде қатысты дербес те, жеке бастық шешім қабылдай алады.

Аталған Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554