Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2386 0 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 14:06

Қырғыз-тәжік шекара мәселесін келісті

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы топографиялық тобы шекараның 43,32 шақырымы бойынша келісімге келген. Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, 3-8 қазан күндері Баткен қаласында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша жұмыс тобы кеңесіп, 43,32 шақырым жер бойынша келісімге келген. Енді кезекті кеңес Тәжікстан аумағында өтеді.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы қашықтығы 972 шақырым. Шекараны белгілеу 2002 жылы басталған. 664 шақырым бойынша ортақ пікір бар екенін былтыр екі елдің президенттері растаған.

Шешілмеген даулы аймақтар шекара маңында тұратын тұрғындар арасындағы жиі болып тұратын жанжалға себеп болып келеді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 937
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2420
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 643
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 627