Сенбі, 23 Қараша 2024
1764 7 пікір 11 Қазан, 2023 сағат 13:40

Пашинян Бішкектегі ТМД саммитіне қатыспайды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 10 қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесу кезінде, 13 қазанда Бішкекте өтетін ТМД саммитіне қатыса алмайтынын жеткізген.

Бұл жөнінде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі елдің мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынасты талқылап, саммитке қатысты мәселелерді сөз еткен.

Армян тарапы әзірге бұл сөйлесу жөнінде ресми хабарламады.

Саммитке Арменияның сыртқы істер министрінің орынбасары баратыны белгілі болды.

Таулы Қарабақ толығымен Бакудың бақылауына өткеннен кейін Ресей мен Армения арасы нашарлады. Ереван одақтасының Кавказдағы әрекетін сынға алып, ҰҚШҰ-дан өкілін қайтарып алды. Украинаға гуманитарлық көмек жіберіп, Владимир Путинді қамауға алуға ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне қосылғанын мәлімдеді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян италиялық La Repubblica газетіне берген сұқбатында Ресейді бітімгерлік міндетін атқармады деп айыптады. Ол сонымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан да көңілі қалғанын жеткізді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536