Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Билік 3029 8 пікір 26 Қазан, 2023 сағат 15:18

Дайджест: Қазақстанға кімдер келе жатыр?

Келесі аптада еліміз үшін орын алатын басты оқиға - Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақ еліне сапары. Бұл турасында ресми Ақорда бейсенбі күні:

«2023 жылдың 1 қарашасы күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Осы сапар аясында сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық әріптестік, сондай-ақ халықаралық және аймақтың мәселелері талқыланады», - деп хабарлады.

2 қарашада Астанға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапармен келеді екен. Бұл турасында мемлекет басшысының баспасөз қызметі:

«Осы сапар аясында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-мадяр әріптестігінің аясын кеңейту  мәселелері талқыланады», -деп жазады.

Елордамызда 3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерекелік X саммиті өтеді. Ақорда бұл турасында:

«ТМҰ мүше елдер Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан басшылары іс-шараға қатысады саммиттің жұмысының барысына Венгрия мен Түркменстан басшылары бақылаушы болады», - деп нақтылады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1392
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3182
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5021