Сенбі, 27 Шілде 2024
Алаң 1824 0 пікір 27 Қазан, 2023 сағат 12:14

Қазақстан санкцияны бұзбайды!

Ресей бұрынғы Кеңес елдерінен әскери техника алу үшін жанталасуын күшейтті. Олар осы мақсатта патриоттардың күшімен құрылған түрлі қорлар мен ұйымдарды пайдаланады.

Ондай құрылымдардың мысалы ретінде төмендегі тізімдегілерді атауға болады:

  • Фонд правопорядок Щит
  • Ассоциация Рубеж («АСБ Рубеж»)
  • Народно-патриотическое объединение «Родина»)
  • Фонд Поддержки Ветеранов «ПАТРИОТ».

Осы мақсатта құрылып, осы бағытта жұмыс істейтін тағы басқа да ұйымдар бар болуы бек мүмкін.

Ресей өзінің ықпалы мен байланысының арқасында бұрынғы Кеңес елдерінен біраз қару-жарақ алып үлгерді. Бірақ оның алғаны – көбіне жайсыз жағдайда сақталған, сапасы нашар, ондаған жылдар бұрын шыққан ескі қару.

Нақты Қазақстанға келсек, Ресей тарапы 2023 жылы жаздың соңына дейін Қазақстаннан Ресейге 7 дана МТ-ЛБ (транспортер) және 6 дана БМП-1 (транспортер) жеткізіп алуды жоспарлаған, - деп жазады орыс тілді БАҚ. Бұл машиналарды жөндеуге деп «Курганмашзавод» зауытына жеткізбек еді.

Сонымен қатар, Ресейліктер Орталық Азиядан әскери жүк көліктері мен БРДМ дөңгелекті машиналарын сатып алып жатыр.

Алайда бұл жұмыстардың тым баяу жүріп жатқанына Ресейдің көңілі толмай отыр. Ол аздай, Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдердің ресми тұлғалары Ресейді қаруландыруға қарсылық танытты. Бұл жағдай Ресейдің Орталық Азия өңіріндегі ықпалының айтарлықтай қатты әлсірегенін растайды. Ресей жеме-жемге келгенде өзінің одақтасы санап келген елдерден қолдау таппады, тіпті қолма-қол ақшамен де көндіре алмай отыр.

Ендеше Ресейдің енді бұрынғы советтік техника мен оқ-дәріні басқа елдерден сатып алуға тырысатыны анық. Совет қаруының мол қорын сақтап отырған елдердің бірі – Әзербайжан еді.

Батыс сарапшыларының пікірінше, Әзербайжанның үкіметтік құрылымдары Ресейдің қару алу сипатындағы барлық әрекеттеріне қатаң тосқауыл қоюы тиіс. Өйткені Ресейге қару сатқаны Әзербайжанның өзінің әскери әлеуетінің төмендеуіне әкеледі.

Қазақстан қоғамында ел билігі Ресей билігіне болысып, көршісіне жабдықтар экспорттауы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Өйткені қазақстандық кей блогерлер Telegram мен басқа да каналдар арқылы осындай мәліметтерді ара-тұра таратып жатады.

Саттар Бекмақан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1449
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2322
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2327