Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Қоғам 5818 7 пікір 3 Қараша, 2023 сағат 13:11

Қазақстан әлі де «халықтар лабораториясы» ма?

Ұлттық статистика бюросы жариялаған санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны 124 екен. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар көрінеді.

2009 жылғы санақта қазақ еліндегі этностар саны 130 болған. Содан бері алтыға кеміген секілді. Сол кезде «Абай.кз» ақпараттық порталы ҚР Статистика агенттігі ұсынған әлгі 130-дың сала құлаш тізімін жариялаған болатын.

Биылғы тізімдегі кей ұлттардың саны да таңдандырмай қоймайды. Мәселен, 6 алеут, 5 чукча, 4 нивх, 2 селькуп, 1 ижор дегендерді есеп-қисапқа жай «кворум үшін» кіргізе салған ба? Қалайда 124-ке жеткізу үшін жанталасқан әрекеттің жемісі ме? Сол байғұстар тіпті өз тілдерін біле ме екен әуелі? Білген күннің өзінде, әлгі жалғыз ижор ол тілде кіммен сөйлесіп, қарық болмақ? Дені елімізге тәуелсіздік жылдарында ғана келген, түрлі себептермен осында еңбек етіп жүрген 411 америкалық, 191 ағылшын, 61 австриялық, 46 голландиялық, 35 вьетнамдық... секілділерді де әйтеуір сан көбейткені болмаса, шындап санатқа енгізу ыңғайсыз саналса керек-ті. Бұл не? «Мінеки, бізде қаншама халық тұрады?» деген мақтаныш па? Мақтануға тұрарлық себеп пе осы? Қазақстанды кезінде кекесінмен (кейбіреулер үшін, бәлкім, мақтаныш болған шығар?) «халықтар лабораториясы» деп атағанын білеміз. Содан бері ештеңе өзгермегені ме?

Өз басым осы 124-тің ішінен шын мәнінде диаспора деуге тұратын, көңіл бөлуге лайықты 20 шақты ғана ұлт байқадым. Олардың саны жағынан басымы – орыстар (2 млн. 900 мың адам), өзбектер (614 мың), украиндар (387 мың), ұйғырлар (290 мың), кәрістер (100 мың) екен.

Сәкен Сыбанбай

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2502
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2133
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612