Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3026 0 пікір 9 Қыркүйек, 2013 сағат 05:59

Ши жин пиң келіп қайтты...

ҚХР төрағасы Ши жин пиң (орыстілді баспасөз бұл кісінің есім сойын «Си Цзиньпин» деп жазады) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыруымен келіп қайтты.
«Менің ресми шақыруыммен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мырза тұңғыш рет елімізге ресми сапармен келіп отыр. Бұл – Қазақстан үшін өте тарихи мәселе. Тәуелсіздік жылдарының ішінде біз Шығыстағы алып көршімізбен шекара мәселесін шештік. Екіншіден, біз екіарадағы көлік жүйесін шештік, стратегиялық әріптестікке қол қойдық», - деді Елбасы.

Сырт келбеті Мао жолдасқа ұқсаңқырайтын Ши жин пиң төраға Қазақстаннан қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып аттанған шығар дейміз. Өйткені ол бір жарым күндік қысқа сапары барысында қазақ жерінде мұнай өндіруші қытай комапнияларының мүмкіндігін еселеп қайтты. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында ҚХР төрағасы:
«Екі тарап арасында Қашаған кен орнын өңдеуге Қытайдың үлестік қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді», - деді жан-жағына шекелей қарап. Содан кейін: «Қазақстан-Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер достық пен ынтымақтастық өзеніне айналатындығына сенімдімін», - деп қойды...

Ши жин пиң жолдас Қашағандағы кен орынын өңдеуге қол жеткізіп қана қоймай Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын қамти түсетін 20 келісімге қол қойып та үлгерді. Бұл келісімдер бойынша,  екі ел арасында іскерлік кеңестер өтіп тұратын болады. Бұрыннан келе жатқан 20 үлкен жобаның жалпы құны 30 млрд. долларды құраса, жаңадан қолға алынған 30 жоба тағы 30 млрд. долларға жетті. Осы уақытқа дейінгі Қазақстан-Қытай арасындағы сауда айналымы 25 млрд. АҚШ доллары еді. Алайда Қазақстанның 25 миллиард доллармен  шектеліп қалғысы жоқ. Ол жайында ҚР Президенті: «Қазіргі таңда екі ел арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 25 млрд. Біз сіздермен бұл санды 40 миллиардқа дейін жеткізу міндетін қойдық. Менің ойымша біз бұған қол жеткізе аламыз», - деді.
Қашағаннан үлес берген Қазақстан Қытайдың Ляньюньган портында терминал  салатын болды. Терминал турасында Назарбаев университетінде өткен Қытай Халық Республикасы Төрағасының дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Төраға Ши жин пиң Назарбаев университетінде 300 студентке дәріс оқыды. Төрағаның дәрісіне мемлекеттiк органдардың басшылары, Қазақстанда тiркелген шетел дипломатиялық корпусының өкiлдерi, жергiлiктi және Қытай журналистерi қатысты.
«Сіз Ляньюньган портында терминалдың құрылысына қажетті аумақты бөлу жөніндегі менің ұсынысымды қабыл алдыңыз. Осылайша Қазақстан ҚХР-дің көмегімен Тынық мұхит аймағына жол ашты», - деді Н. Назарбаев ҚХР төрағасына қаратып айтқан сөзінде.
Ши жин пиң жолдастың сапарында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сурылып көзге түсті.
«Біз, - деді әкім, - қытайлардан шағын тракторлар сатып аламыз? Өзімізде машина жасау өнеркәсібі бола тұра бұлай еткеніміз жарамайды. Сондықтан қытай кәсіпкерлерімен бірігіп шағын тракторлар шығаратын өндіріс орынын құрмақпыз. Сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мүмкіндігі де бізде әзірге жоқтың қасы. Ал қытайлық әріптестеріміз болса, бұл салаға жақсы маманданған. Бізге ауылшаруашылығына инвестиция керек. Қытай тарапынан ауылшаруашылығына ивестиция тартып, өндіріс ошақтарын ашар болсақ, ол жерлерде біздің адамдар жұмыс істеп, нәпақа табатын болады».

ҚХР Төрғасы Қазақстанға алғаш рет ресми мемлекеттік сапармен келгенін, әрі осы жылдың ішінде ҚР Президентімен екінші мәрте кездесіп отырғандығын айта келіп:
«Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы үшінші мыңжылдыққа аяқ басқан сәтте мен Сізбен (Нұрсұлтан Назарбаевты айтады.-ред) соңғы жылдардың ішіндегі біздің қарым-қатынасымыздың даму нәтижелерін байыпты тереңдете түсу үшін үлкен күш-жігер жұмсауға дайынмын»,-деп риза-қош болып аттанды.

P.S.

Әдеттегідей бұл жолы да қазіргі ҚХР территориясында өмір сүріп жатқан қазақтарды Атажұртқа көшіріп алудың жай-жапсары тасада қалды. Бәлкім, екі ел басшысы ол мәселені оңаша кездесулердің бірінде сөз қылғанда шығар. Алайда бүгінгі Қазақстан-Қытай қарым-қатынасында Елбасымыздың сөзімен түйіндесек, «экономикалық мүдде басымдық алып тұр»...
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353