Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2164 1 пікір 9 Қараша, 2023 сағат 17:03

34 қазақстандық ЖОО Азияның үздік университеттерінің рейтингіне енді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2023 жылғы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелері жөніндегі QS саммитіне қатысты. Биылғы іс-шара 7-9 қараша аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтеді.

Саясат Нұрбек «Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қажетті нысаналы бағдарларды: университеттер мен еңбек нарығының болашағын анықтау» іс-шарасының пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзінде бүгінгі таңда QS әлемдік рейтингінде Қазақстанның 21 жоғары оқу орны ұсынылғанын, бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе өскенін атап өтті.

«Қазір біз тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін тұжырымдауды мұқият зерттеп жатырмыз. Қазіргі уақытта жоғары білім беру саясаты QS әдістемелеріндегі соңғы өзгерістерге сәйкес. Біз университеттеріміздің рейтингтерде жоғары көтерілуіне серпін беру үшін жеті жылдық стратегиялық жоспар қабылдадық», - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, соңғы 20 жылда QS Asia Pacific Professional Leaders in Education (QS APPLE) конференциясы мемлекеттік билік органдары басшыларының, беделді жоғары оқу орындарының ректорларының, беделді ғалымдардың, білім және ғылым саласындағы сарапшылардың және халықаралық корпорациялар басшыларының кездесу орнына айналды.

Сондай-ақ, бүгін QS Asia University Rankings 2024 аймақтық рейтингі жарияланғанын атап өткен жөн. Деректерге сәйкес қазақстандық жоғары оқу орындарының саны рекордтық – 34-ке дейін өсті, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда екі есе көп (+6,25%). Сонымен қатар, рейтингтің географиясы кеңейді, енді оған Қазақстанның 17 қаласынан жоғары оқу орындары қатысады, бұл да рекорд болып табылады: өткен жылғы рейтингте еліміздің 16 қаласынан жоғары оқу орындары ұсынылды.

Жаңа рейтингте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 29 орынға көтеріледі (+15 позиция) және Азияның үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де жаңа Азия рейтингінің топ-100 кіреді және өткен жылғы нәтижені 24 позицияға жақсарта отырып, 71-ші орынды алды.

Сонымен қатар, биылғы жылы Азия – QS Asia University Rankings үздік университеттерінің рейтингіне алғаш рет 3 жаңа қазақстандық ЖОО кірді: Қарағанды индустриалды университеті (601-650 диапазонындағы позиция), Инновациялық Еуразия университеті (801+ диапазонындағы позиция) және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (801+ диапазонындағы позиция).

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419