Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3091 5 пікір 13 Қараша, 2023 сағат 14:07

Лавров: «Мәскеу ешқайда кетпейді»

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропалық одақ Ресейді Орталық Азиядан ығыстыруға тырысып жатыр, ал Мәскеу ешқайда кетпейді деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемені ресейлік журналист Павел Зарубин тelegram-каналында жариялады.

"Еуропалық одақ бізді Орталық Азия мен Кавказ аймақтарынан барынша ығыстыруға тырысып жатқанын жасырмайды. Бұл болмайды. Біз ғасырлар бойы осындамыз. Ешқайда жоғалмаймыз. Оны әріптестеріміз жақсы біледі", - деді Ресейдің бас дипломаты.

Сергей Лавров мұны Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары кезіндегі сөздеріне жауап ретінде айтқан.

1 қарашада Макрон Астанада Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, қандайда бір елге тәуелді болмауға шақырған. Ол сонымен бірге Қазақстан әртүрлі факторларға байланысты қысымда екенін атап өткен.

Франция президенті Қазақстаннан кейін Өзбекстанға барып, Шавкат Мирзияевпен келіссөз жүргізді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927