Сенбі, 23 Қараша 2024
1683 1 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 14:41

Франция Башар Асадты тұтқындауға ордер шығарды

Франция Сирия президенті Башар Асадты қамауға алу жөнінде ордер шығарды. Асад және тағы үш серіктесіне халыққа қарсы тыйым салынған химиялық қару қолданды деген айып тағылды.

Бұл туралы Civil Rights Defenders құқық қорғау ұйымы мәлімдеді.

Мұның алдында 2013 жылы Шығыс Гута ауданына және Дума қаласында химиялық қару қолданылды деген екі оқиға зерттелген. Сол кезде кемінде 3 мыңнан астам адам қаза болған.

Франциядағы зерттеу 2021 жылдың наурызында, шабуылдан тірі қалғандардың арызынан кейін басталған. Құқық қорғаушылардың сөзінше, бір елдің басшысын қамауға алу жөніндегі бұйрықты өзге елдің басшысы алғаш рет шығарып отыр.

2013 жылы Сирия Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына қосылған. Ұйым Дамаскіні азаматтық соғыста химиялық қару пайдаланды деп бірнеше рет айыптаған. Сирия билігі болса, бұл айыптарды теріске шығарып келген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449