Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 19 Қыркүйек, 2013 сағат 05:33

Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан 2018 жылы маусымдық сұраныстан тыс электр энергиясының экспортына шығады

«Самұрық-Энерго» АҚ 2022 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын қабылдады. Компания еуразиялық мәндегі электр-энергиялық холдингке айналып, 2018 жылдан маусымдық сұраныстан тыс электр энергиясының экспортына шығуды көздеуде. «Самұрық-Энергоның» жоспарлары жайлы компания басшысы Алмасадам Сәтқалиев егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

- Жаңа стратегияда мақсат тұтылған міндет қандай?

- Стратегияны шартты түрде үш негізгі тармаққа бөлуге болады. Алғашқысы – ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Біз әрі қарай да тұрақты түрде жылу және электр қуатын жеткізуді жалғастырмақпыз. Екіншісі – капиталдың акционерлік құнын көтеру. Бұл үшін инвестициялық портфельді әртараптандырамыз. Басымдық жаңа тиімді де табысты жобаларға берілетін болады. Соңғысы – әлеуметтік жауапкершілік. Бұл бағыт табиғат қорғау шараларымен, энергия үнемдеумен, еңбек қауіпсіздігімен, персоналды дамытумен және өзіндік реттелетін корпоративтік мәдениетті қалыптастырумен байланысты.  

- «Самұрық-Энерго» АҚ қандай сипатта еуразиялық мәндегі холдингке айналғысы келеді?

- Біз электр энергиясын шығару мен көмір өндіруде ұлттық операторға айналамыз. Алайда, аталған тұста тарифтік әдістемені жетілдіріп, иесіз қалған желілерге қатысты түйткілдерді тарқату қажет. Мемлекетаралық электр энергиясы саудасының өзекті мәселелерін де шешкен жөн. Өзге елдердегі сияқты осы бағытта қимылдаған абзал. Мұнда мысал көп. Белоруссияда «Белэнерго», Ресейде «ИнтерРАО». Оларға электр энергиясын мемлекетаралық қатынаста саудалау саласында монополия қызметі жүктелген. Бізде әзірге бұл сұрақтар әлі толық реттелмеген. Салдарында үлкен кірістерден қағылудамыз. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауынша, біздің компанияның құны 2,8 млрд долларды құрауда. Стратегияны Үкімет бекітіп, оны жүзеге асыруда барлық қажетті шаралар қолға алынғаннан кейін, компания құны 4,9 млрд долларға өсуі керек.

Сөйтіп, ұлттық оператор ретінде контрагенттермен келіссөздерде біз мықты ойыншы боламыз. Негізі, электр энергиясын жеткізуде негізгі энергетикалық хабқа айналатындай теңдессіз мүмкіндігіміз бар. Бүгінде біздің өнімге Белоруссия мен Ресейде зәру. Бұл биік белестердің басы ғана. Біздің болжамдауымызша, 2018 жылдан бастап, Қазақстанда маусымдық сұраныстан тыс электр энергиясының экспорттық әлеуеті пайда болмақ.     

- Экспорттық әлеует ненің есебінен көтеріледі? Қазіргі уақытта елдегі электр энергиясына тапшылық қандай? Мәселенің шешімін қалай табатын боласыздар?

- Әлеуетті жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту арқылы нығайтпақпыз. Қазіргі кезде 300 МВт экспорттаудамыз. Дегенмен, электр энергиясы тапшылығында байқалатын іс жүзіндегі басты түйткілді бірлесе тарқата отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізбекпіз. Кешкілік мезгілде барынша аңғарылатын ауыртпалықтар шағында қолдағы күш-қуат жетпей қалады. Сондықтан тапшылықты жою үшін Орталық Азия елдері мен Ресейден электр энергиясын алуға мәжбүрміз. Айтарлықтай айырмашылық сезіледі – 2 мың МВт астам. Бірақ тығырықтан шығар амал бар. Екібастұз ГРЭС-1 блоктарын қалыпқа келтіріп, Балқаш ТЭС алғашқы модулінің құрылысын аяқтағаннан кейін, ұлттық энергия жүйесі толықтай қажет қуат деңгейімен қамтамасыз етілген және экспорттық әлеуетке ие деуге болады. Жалпы, 2022 жылға дейін негізгі капиталға 2,5 трлн теңге инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, ЭГРЭС-2 қуатын көтеру, Алматы ТЭЦ-1 және 2 қайта жаңғырту мен кеңейту сияқты жобаларымыз бар. Семейде, Талдықорғанда, Көкшетауда ТЭЦ және Қостанай облысында ТЭС салу мүмкіндігі қарастырылуда.   

-  Жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларыңыз бар ма?

- Энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін ауқымды түрде тарту үшін барлық шараларды қамтыған жөн. Қаланы энергиямен қамтамасыз етіп тұрып, желдің жоқтығынан кенеттен тоқтап қалған қуаты 1000 МВт жел паркін көзіңізге елестетіңізші?! Бұл дегеніңіз – Төтенше жағдай! Энергетика үнемі цифрлендірілген болып, кенеттен пайда болатын ауытқушылықпен күресетіндей қосымша іс-қимыл қарастырып отырудың маңыздылығын түсінген жөн. Жаңартылатын энергия көздері технологиялары әлі де бағасында болсын, өнімділігінде болсын дәстүрлі электр энергия көздерімен бәсекеге қабілетсіз екенін мойындау керек.

Прагматикалық көзқарасқа сүйенеміз. Себебі, белгілі бір тәжірибеге ие болып барып, әрі қарайғы әрекеттерге кіріскенді жөн санаймыз. Негізгі аймақтарда нақты бірнеше жобаларды жүзеге асырдық. Бірінші ең маңызды жоба, ол – Ерейментау жел паркінің бастапқы кезеңі. Бұл жерде 45 МВт қауқарды кейінірек 300-ге өрісін ұзарту назарда. Ерейментау паркінің электр энергиясы «ЭКСПО-2017» нысандарын қамтамасыз ететін болады. Келесі жоба – бастапқы кезеңдегі қуаты 50 МВт және келешекте 300 МВт жеткізілетін Алматы облысындағы «Шелек» жел паркін дамыту.    

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057