Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3701 0 пікір 26 Қыркүйек, 2013 сағат 08:59

«Мағжан» қайта оралды

Қазақ басылымдарының қатары «Мағжан» әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналымен толықты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің тікелей қолдауымен жарық көрген журналдың тұсаукесері елордадағы Ұлттық кітапханада өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам, өнер  қайраткерлері, астаналық зиялы қауым  өкілдері мен студент-жастар қатысты. Жиынды кіріспе сөзбен ашқан белгілі өнер жанашыры, ақын, сазгер Баянғали Әлімжанов биыл ұлы ақынның туғанына 120 жыл толуына байланысты  республика, облыс деңгейінде көптеген іс-шараларды4 болып өткенін айтты. Олардың қатарында «Мағжан көктемі» ІІ республикалық өнер фестивалін, ол туралы түсірілген көркем-деректі фильмді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды атады. Сосын сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановқа берді. Өзі де руханият десе ішкен асын жерге қоятын сенатор: «Тәуелсіздік алғаннан кейін біз тарихымыздағы ақтаңдақтарды ақтарып, бұрын белгісіз болып келген тұлғаларымызды,  хандарымызды, көсемдеріміз бен шешендерімізді, небір дүлділ ақын-жазушыларымызды тауып, танып жатырмыз. Солардың бірі де бірегейі Мағжан Жұмабаев. Біздің ұрпақ қазақтың ұлы ақыны,  ұлт тағдырының жыршысы Мағжан Жұмабаевты, әрине, білген жоқ.

Қазақ басылымдарының қатары «Мағжан» әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналымен толықты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің тікелей қолдауымен жарық көрген журналдың тұсаукесері елордадағы Ұлттық кітапханада өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам, өнер  қайраткерлері, астаналық зиялы қауым  өкілдері мен студент-жастар қатысты. Жиынды кіріспе сөзбен ашқан белгілі өнер жанашыры, ақын, сазгер Баянғали Әлімжанов биыл ұлы ақынның туғанына 120 жыл толуына байланысты  республика, облыс деңгейінде көптеген іс-шараларды4 болып өткенін айтты. Олардың қатарында «Мағжан көктемі» ІІ республикалық өнер фестивалін, ол туралы түсірілген көркем-деректі фильмді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды атады. Сосын сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановқа берді. Өзі де руханият десе ішкен асын жерге қоятын сенатор: «Тәуелсіздік алғаннан кейін біз тарихымыздағы ақтаңдақтарды ақтарып, бұрын белгісіз болып келген тұлғаларымызды,  хандарымызды, көсемдеріміз бен шешендерімізді, небір дүлділ ақын-жазушыларымызды тауып, танып жатырмыз. Солардың бірі де бірегейі Мағжан Жұмабаев. Біздің ұрпақ қазақтың ұлы ақыны,  ұлт тағдырының жыршысы Мағжан Жұмабаевты, әрине, білген жоқ. Демек, «Мағжан» журналының жарыққа шығуы бұл еліміздің әдеби-мәдени өміріндегі айтулы оқиға, бүгінгі ұрпаққа жасалып отырған үлкен қамқорлық» дей келіп,  кешегі әріптесі, бүгінгі әкім Самат Ескендіровке ризашылығын білдірді. «Мағжан бір аймақтың ғана ұлы емес, бүкіл ұлттың, керек десеңіз, күллі Түркі әлемінің перзенті, сондықтан жаңа  журнал республика жұртшылығының игілігіне айналуға тиіс», - деп түйіндеді ол өз сөзін.

Қоғам қайраткері, белгілі ақын Кәкімбек Салықов қолға алған игілікті шара ұзағынан сүйіндірсін дей келіп, журналдың көлемін әлі де қалыңдата түсу,  еліміздің барлық аймақтарына таралуына күш салу қажеттігін баса айтты. Мәжіліс депутаты, жазушы-қаламгер Алдан Смайыл, Назарбаев Университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Күлтас Құрманбай жаңа басылымның Мағжан мұрасын зерттеп, зерделеумен бірге жас таланттардың шығармаларын жариялай отырып, қанаттарының қатаюына көмектесетініне сенім білдірді.  Заңгер Бекет Тұрғараевтың сөзі де әсерлі шықты. Ол Самат Ескендіровтің руханиятқа жақын адам екенін, бұрын да осындай тың жобаларға ұйытқы болып жүргенін, облыс тізгінін қолына ала салысымен «Мағжан көктемі» фестивалін өткізіп, жерлестерін қуанышқа бөлеген өңір басшысының енді, міне, түрлі себептермен соңғы үш-төрт жылдың көлемінде оқырмандарынан көз жазып қалған «Мағжан» әдеби- көркем, қоғамдық-саяси журналының ғұмырын ұзартып, тағы бір игі іске ұйытқы болып отырғанын,   журналдың осы жолғы саны  тақырыптардың сан-алуандығымен тартымды да мазмұнды шыққанын, белсенді авторлар қатарына елімізге белгілі қаламгерлер мен тұлғалардың тартылуы құптарлық екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, бас қосуда сөз алған филология ғылымдарының докторы, ғалым Серік Негимов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының басшысы  Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының докторы, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай басқа да азаматтар  қалың оқырманымен қайта қауышып отырған «Мағжан» журналына ізгі тілектерін білдіріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, белгілі журналист-жазушы, мағжантанушы Жарасбай Сүлейменов рухани, мәдени салаға үлкен көңіл бөліп, жанашырлық қолдау көрсеткені үшін Самат Сапарбекұлына ризашылығын айта келіп, басылым алдағы уақытта Мағжанның шығармашылығымен, өңірлік ауқыммен ғана шектеліп қалмайтынын, ел өнеріне, мәдениетіне қатысты мәселелер де кеңінен қамтылатынын, әсіресе, жастар шығармашылығына үлкен орын берілетінін, журналды ел аумағына тарату мақсаты тұрғанын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286