Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Билік 3690 23 пікір 5 Желтоқсан, 2023 сағат 14:28

Ресейдің ұсынысы: Қазақстанға АЭС-ті біз салып берейік...

1 қыркүйектегі халыққа жолдауында президент Тоқаев: «АЭС салу референдум арқылы шешіледі», - деген еді. Таяуда осы тақырып қайта көтерілді. Талқыны қайта өршіткен «Росатом» мәлімдемесі.

Ресейдің мемлекеттік корпорациясы  «Росатом» ядорлық реактордың 3+ буынындағы жалпы қуаты  2400 МВт болатын екі блоктық АЭС салуға құлық танытқаны туралы Ресейдің «ТАСС» агентінің ақпаратын оқығанда шалқамыздан түсе жаздадық. Әрі «Арменияның кебін кимейміз бе?» деген сұмдық ойға қалдық. Неге Армения?

Дәл қазір ел астанасы Ереванның оңтүстігінен 30 шақырым жердегі Мецамора қаласында бүкіл Арменияны жарықпен қамтамасыз ететін, 8-баллдық жер сілкінісіне бейімделген екі энергоблоктық В-270 типіндегі ВВЭР-440 реакторлары орналасқан, энергоблоктары 1976 және 1980 жылдары пайдалануға берілген АЭС бар. 1982 жылы 15 қазанда сол Мецамора АЭС-інде апат орын алды.

Қазір Ресей осы АЭС арқылы Арменияны ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстап отырған жайы бар. Ресейдің басты көзірі Мецамора АЭС-і десек айтқанымыз еш өтірік емес. Осы кеп қазақтың да басына түспесіне еш кепіл жоқ. Ресейдің «Атомдық шоқпары» төбемізде ойнамасын десек, Еуропа мен Азия жолбарыстарының жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Сонымен орыс әлемі тілімізді саяси сахнада жалмап болып, енді экономикамыздың жанды жеріне қанжар сұқпақшы. Бұл біздің пікір.

Ресейдің мемлекеттік корпорациясы «Росатомның» еншілес кәсіпорны «Росатом Орталық Азия»  ЖШС директоры Сергей Громов: «Мемкорпорация республиканың электр энергиясына деген 20% мұқтаждығының өтейтін һәм әлемдегі ең қауіпсіз болып саналатын АЭСтің екі блогын салуды ұсынады», – деп мүләйімсіп мәлімдеді.

Енді қытайлық CNNC, оңтүстік кореялық KHNP және француздық EDF компаниялары тұрғанда үнемі апатқа ұшырайтын орыс АЭС-іне күніміз түскені не жорық?..

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2083