Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 2754 6 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 13:01

Қытайдың қатындары қазақ жерін сата бастапты...

Кез келген мемлекет үшін әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытаймен сауда жасасу өте тиімді, тартымдылығы күшті екені анық. Әлемнің 130 дан астам елі кірген Қытайдың ауқымды «Бір жол, бір белдеу» жобасы соның айғағы.

Қытайдың батыс қақпасы саналатын Шынжаңмен шекаралас Қазақстан да Кеңес заманынан қалған Қытай фобиядан біртіндеп арылып, сауда әріптестікті күшейтіп келеді. Биылдан бастап екі ел азаматтарының өзара визасыз барыс-келіс мерзімі былтырғы 14 күннен 90 күнге ұзарды. Азаматтардың цифрлық мәліметтерін еркін алмасатын болды.

Десе де Қытаймен тым іштесіп кетуден туған ел арасындағы әртүрлі көзқарастар да күшейіп келеді. Оның бастысы жауынгер ата-бабалардан мұраға қалған жерге қатысты болып тұр. Бұдан ілгеріректе қазақтың шұрайлы жерлерінің Қытайдың әйгілі жер саудалайтын сайтында тұрғаны қоғам талқысына түсіп еді. Күні кеше «Қытайлар Батыс Қазақстаннан 100 мың гектар жер сұрапты» деген ақпарат ел назарын аударған.

Сондай бір даулы ақпаратты Германияда тұратын қандас ағамыз Өмірхан Алтын өз парақшасында бөлісіпті. Өмірхан ағамыздың Қытайдағы қандастарымыздың жаппай түрмеге тоғытылып жатқанын, Еуропа төрінде де, Елорда мінберінде де бірінші болып батыл айтқаны белгілі.

Шулы бейне жазбадан мәлім болғандай: Қазақстанға келіп, орыс байға тиіп, азаматтық алып алған таза қытай қатын Яллян базары мен Жетісу базарындағы сауда нүктелерін місе тұтпай, гектарлап жер алып, соны келген қандастарына сатуға көшкен екен. Аталмыш видеода өзен ағып жатқан шұрайлы жерді 100 мың долларға бағалап, жаңа келген қытайларды еліктіріп тұрғаны аңғарылады. Жұмыссыз қазақтарға (лау хаса) 5000 қой бақтырып, 8 қатын алып, құйған қаржыңды бір жылда қайтарып аласың деп аузы-аузына тимей көсіледі.

Ұлт қамын бірінші орынға қоятын Өмірхан ағамыз: «Қытай қатын азаматтық алып, қазақ жерін сатып, тайраңдап жүр. Қандастар азаматтық алмақ түгілі «қандас» деген бір жапырақ қағаз ала алмай қаңғырып жүр», - деп күйінеді.

Қытай қатындардың базарды тастап, жер саудалауға көшуі, оның визасыз байланыспен тұспа-тұс келуі, қалай десек те, жақсылықтың нышаны емес.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572