Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Аласапыран 2872 5 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 15:26

Зеленскийдің АҚШ сапары: Әскери көмек бола ма?

Күні кеше Украина президенті Америкаға ат басын бұрып, Конгресмендермен, Өкілдер палатасының басшысымен, президент Байденмен жеке-жеке кездесу өткізді. Мақсаты – әскери көмекке қол жеткізу.

Маусым айының соңына қарай Украина тарабы Орыс әскеріне қарсы қайтарма шабуылға шыққаны белгілі. Бірақ шабуыл ел күткендей нәтижелі болмады. Екі тарап та титықтап қалды.

Соны меңзеген АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы Майк Жонсон Зеленскиймен кездескеннен кейін: «Байден Үкіметінің сұрап отырғаны өте қомақты сома. Үкіметтің ол қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалайтын жүйесі де, қайтарымы да жоқ. Америка халқы күткен нақты жауап та жоқ», - деп пікір білдірді.

Одан кейін Зеленскийді қабылдаған Ақ Үй басшысы Байден Украинадан бет бұрмайтынын қадап айтты. «Ақ Үй де, АҚШ халқы да Украинаны соңына дейін қолдайды», - деді.

Демократтар Украинаға 60 миллиард доллардың көмегін беруді ұсынған еді. Республикашыл партия өкілдерінің қарсылығынан кейін ол өтпей қалды. Респубикашыл партия Байден билігінің заңсыз қоныс аударушыларға ұстанған кең пейіл көші-қон саясатын сынап, оны барынша қатаңдатуға, олай істемеген жағдайда Украинаға берілетін әскери көмек жобасын құптамайтынын жеткізген еді.

Байден Республикашылардың ұстанымын сынап: «Олар жеңісті Путинге қолдан бергелі тұр. Олар заң жобасын мақұлдамаса, бұл Путинге жасалған ең жақсы жаңа жылдық сауға болғалы тұр», - деді.

Қазір Украинаға тілеулес елдерден келіп жатқан әскери көмек соғыс басталғаннан бері ең төменгі шекке жеткен.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5840