Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3349 7 пікір 20 Желтоқсан, 2023 сағат 12:22

Әр бала – ертеңгі қоғам айнасы

Бала тәрбиесіне бұрыннан мән беретінмін. Соңғы екі жылда арнайы зерттей бастадым. Ақыл айта салу ең оңай. Сіздермен көрген-түйгенімді, жіберген қателіктерімді бөлісе жүрейін. Еріккеннен жазбадым. Қолыңыз тисе – Сіз де ой қосыңыз. Өйткені, кез келген мемлекет сияқты әр отбасының өзіндік дағдысы, заңы болады.

Алдыңғы буындардың және біздің өскен шақ енді келмеске кетті. Қазір заман сипаты мүлде өзгерген. Өзіңіз көріп өскен құндылықтармен балаңызды тәрбиелей алмайсыз. Біз көрген түйелі көш, ен жайлау, боз бораны бұрқаған иен қыстау, өгіз жеккен арба-шанамен су тасу, өзеннен мұз ою, кішірек кезде қошқар мен серке мініп, есейе келе асау тай үйрету, жүн сабаудан садақ иіп, әжелердің шыптасынан діңі жуан ши суырып алып, басына шеге қадап жебе жасау, бастауышты үш шақырым, одан кейін жеті шақырым қашықтағы мектепке күнделікті қатынап оқу... айта берсек көп-ақ.

Балаңызға айтыңыз – сенбейді не жүре тыңдайды.

Жас күніңізде елесін де көрмеген, өзіңізге мүлде жат жаңа технология ғасырына тосырқай қарап жүрген боларсыз.

Балаларыңыз үшін олай емес. Жоғарыда тізбелеген балалық шағыңыз оларға тек аңыз сияқты ғана әсер береді.

Қазір көз алдыңызда кіп-кішкентай болып жүрген балалар ертең-ақ өсіп кеткенін сезіп те үлгірмейсіз. Бала-отбасы-қоғам-мемлекет! Ертең тағы әлгіндей экс-министрлер өсірмеу үшін тәрбиені бүгіннен бастаңыз!

Әлқисса, әуелгі мақсатқа оралайық.

Бірінші, алдымен Сіз есейіп келе жатқан балаңыздың араласатын ортасымен жақсы таныс болыңыз. Мысалы, өзім ара-тұра балаларым мектепке барарда және қайтарда жасырын аңдимын. Дүкеннен не алады, ары қарай кімдермен бірге мектепке кіреді және қайтады?

Өзін ыңғайсыз сезінбес үшін нан-сүт сылтауымен сыртқа жұмсап жіберіп, киім қалталарын, сумкасын тура гитлерлік полиция – Лейбштандарт СС сияқты тінтемін. (Элкетронды темекі, қауіпті дәрі-дәрмек немесе әлдекімдермен жұлдызы келіспей, пышақ, өткір қайшы салып жүруі мүмкін).

Элкетронды темекі демекші, үйім мектептің тура алдында, үй астында үлкен базар болғандықтан ұлы болсын, қызы болсын сол бәлені таласа шегіп тұрған оқушыларды үнемі көремін.

Достарын үйге көптеп ертіп келуін қалаймын. Дастархан басында оларға айырықша ықылас көрсетіп, әңгімеге тартамын, ата-тегін, әлеуметтік жағдайын бақылаймын. Өзімше психологиялық анализ жасаймын.

Өзім фелдьшер болғасын, әр апталық тамақтану мәзірін әр түрлі түземін. Демалыс, ұйқы уақытына мұқиятпын. Көктемде және күз соңында мед.орталықтарда қан сынамасын, әр түрлі диягноздық анықтамалар жасатамын да, қай витамин, калций, минералдар кем, сол бойынша кешенді ем жүргіземін. Қажет болса, укол-системалар саламын. Ет пен ауыл өнімдерін тұтынуға тырысамын.

Кітап оқуға, ютубтағы пайдалы материалдар мен киноларды көруге әр түрлі тәсілдермен ынталандырамын. Тик-ток, инста сияқты әлеуметтік желілер мен ойын программаларына тыйым салынған.

Ұл не қыз деп бөлмеймін. Бірақ, тәрбиесіне келгенде бәрібір бөлек қарауға тиіс болады екен. Қыздарды жөнге салу керек болса, шешесіне иек қағамын. Арғы бөлмеге барып, өздері шешіп қайтады)

Ал, батырым Musik Otshigen (Мұстафа Отшыген ғой). Отшы – көк Түрік тілінде. От ұстаушы, шаңырақ иесі. Еркелеткен көп атының бірі) өз назарымда. Кішкентай кезінде май құйрықтан аздап қаққаным болмаса, жалпы, бала ұрмайтын, агрессия көрсетпейтін адаммын.

Балалармен үйде де, түзде де көп әңгімелесемін. Саяхатқа, көркем тау, ну орман, мөлдір суға көп апарамын. Неге қызықса соны қудырамын. Содан болар, үйде бағасы әжептәуір домбыра, пианино, гитара, сырнай сияқты аспаптармен қатар әр түрлі спорттық жаттығу киімдері, сурет құралдары толып жатыр. Былай қарасаңыз бос шығын. Бірақ, бірін тастап, біріне кететін баланың заңы. Ол үшін ұрыспаймын. Сол қызыққан қалың өнердің бірін ұстаса, содан жанына тыныштық тапса жетіп жатыр. Ең бастысы – бала күнінен өкініш қалмасын деймін.

Қатунға айтамын, «Ол заттарды сатпа немесе біреуге берме. Бұлар аман болса, ертең 18-20-ға толған соң қанаттанып, ұшып кетеді. Солардың балалық елесін ұстап екеуіміз қаламыз. Қартайғанда сол киімдерін иіскеп, тұтынған заттарын сипап, жастық шағымызды, құлындардың бақытты балалық шағын еске аламыз. Бізде басқа не бар?», – деп...

Жалғасы бар.

Алда да айтарым көп.

Ұларбек Дәлейұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347