Жексенбі, 24 Қараша 2024
1084 0 пікір 20 Желтоқсан, 2023 сағат 14:36

Қостанай облысында 42 үй жылусыз қалды

Қостанай облысында магистральды құбырдағы апатқа байланысты 42 көпқабатты үй, мектеп пен әуежай жылудан ажыратылды, деп хабарлайды «Қостанай жылу энергетика компаниясы» РМК.

«Герасимов көшесі, 4 мекенжайындағы үйдің жанында орналасқан жерасты жылу құбырының жарылу салдарын жою үшін 20 желтоқсан, сағат 12.00 - 20.00 аралығында 42 көпқабатты үй, №29 орта мектеп мен Қостанай Халықаралық әуежайы жылудан ажыратылады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жұмыстарды неғұрлым тезірек аяқтауға бар күш-жігерді салатын боламыз», - делінген таратылған хабарламада.

Еске салайық, 11 желтоқсан күні де Қостанай жылу желісінде төтенше жағдай болды.

фото: ғаламтордан

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592