Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2385 0 пікір 14 Қыркүйек, 2013 сағат 06:45

Ұлы көршімен байланыс нығая түспек

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Қытай Халық Республикасы, Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай округінен келген делегацияны қабылдады. Көрші елден келген мәртебелі меймандарды Алтай округінің басшысы Талғат Үйсін бастап келіпті. Тараптар арасындағы кездесуде негізінен екі елдің шекаралас аудандары арасындағы өзара әріптестік, бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту жайы кеңінен сөз болды.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ аталмыш делегацияның сапары жақында ғана өткен Қазақстан мен Қытай басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуінен кейін іле-шала болып отырғандығын айта келе, ендігі мақсат сонда айтылған біршама мәселелерді жүзеге асыру екендігіне тоқталды.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Қытай Халық Республикасы, Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай округінен келген делегацияны қабылдады. Көрші елден келген мәртебелі меймандарды Алтай округінің басшысы Талғат Үйсін бастап келіпті. Тараптар арасындағы кездесуде негізінен екі елдің шекаралас аудандары арасындағы өзара әріптестік, бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту жайы кеңінен сөз болды.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ аталмыш делегацияның сапары жақында ғана өткен Қазақстан мен Қытай басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуінен кейін іле-шала болып отырғандығын айта келе, ендігі мақсат сонда айтылған біршама мәселелерді жүзеге асыру екендігіне тоқталды.

– Таяуда ғана біздің өңірдің мамандары сіздердің Үрімші қаласында өткен көрмеге қатысып, біраз тәжірибелер алмасып қайтты. Біз көршілес аймақтар болғандықтан, бір-біріміздің мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалануымыз керек деген ойдамын. Біріншіден, «Майқапшағай» мен «Жеменей» кеден бекеттері арасындағы байланыстарды арттырсақ. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды, оларға керекті құрал-саймандарды сіздер жақтан алып отырмыз. Олардың бағасы кедендік салықтарды қосқанда қымбаттап кетеді. Ол бізге тиімді емес. Біздің жоспарымыз - «Майқапшағайдың» басында сіздер жақтан қажетті бөлшектері мен тетіктерін жеткізу арқылы ауылшаруашылық техникаларын, шағын тракторлар құрайтын жаңа кәсіпорын ашу. Бұл жоспар іске асатын болса, біздің ауылшаруашылық құрылымдарына әлдеқайда тиімді болмақ, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Шекаралық аймақтар арасындағы тағы бір үлкен мәселе – ол жеміс-жидектер, көкөністер жайына қатысты. Қытайдан тасымалданатын мол көлемдегі ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы арадағы алыпсатарлар арқылы облыс орталығына жеткенше қымбаттап кетеді. Сондықтан облыстағы «Майқапшағай», «Бақты» кеден бекеттерінің мүмкіндіктерін іске асыра отырып, дайын өнімді тікелей жеткізуге болатын көкөніс қоймаларын салу қажеттілігі. Сонымен бірге, «Майқапшағайда» екі елдің бірлескен сауда-көлік орталығын ашып, көрші елдің өнімдерін еліміздің барлық өңірлеріне Шығыс Қазақстан арқылы тасымалдау күн тәртібінде тұрған мәселе. Сондай бір орталықты Семей шаһарында да салып, Қытайдан жеткізілетін дайын тауарларды сол жерден ары қарай Ресейге дейін тарату да ойда жүрген шаруа. Облыста «Бақты» кеден бекетінің аумағында өз қаржысына көкөніс қоймаларын салуға ниеттеніп отырған кәсіпкерлер бар. Оларға да тиісті қолдау қажет.

Екі ел арасындағы әріптестіктің тағы бір маңыздысы, ол - көлік қатынасы болып отыр. Қазақстан жағындағы «Майқапшағайға» дейінгі негізгі күре жолдың жөндеуіне мемлекеттен тиісті қаржы бөлінген. Енді Майқапшағай арқылы теміржол тарту мәселесі алда тұр. Теміржол іске қосылса, игерілмей жатқан пайдалы қазбалардың мол қорын кәдеге жаратуға мүмкіндік болмақ. Сондай-ақ, көрші елге де Қазақстан арқылы Ресейге шығуға жол ашылмақ. Қазіргі кезде Жеменей жағынан теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде.
Туризм саласын дамыту бойынша да екі елге ортақ дүниелер жетерлік. Ол ретте ең алдымен туристерге жағдай туғызу үшін «визасыз режимнің» ұзақтығын қарастыру керек. Қытайдың Қанас, Шығыстың Марқакөл аймағы жағынан екі ел арасына кеден бекетін салу ісі де бұдан үш жыл бұрын қолға алынса да, соңына жетпей келеді. Ол шаруа іске асса, табиғаты тамаша мекенде туризмді дамытуға, екі ел адамдарының ары-бері қатынауына біршама жеңілдік болмақ. Шығыстың балы мен марал мүйізінен алынатын панты өнімдерін Қытайға шығару да жүзеге асырыла бастады. Бүгінге дейін облыстан жиырма тонна бал көршілерге шығарылған. Көршілер бізден бал алуға аса ынталы. Бұл Алтай балы сапасының әлдеқайда жоғары болғандығымен мүмкін болып отыр. Ал Шығыс Қазақстан мен Алтай аймақтарының арасындағы білім, мәдениет, спорт салаларындағы бұрыннан негізі қаланған жақсы қарым-қатынасты одан ары да жалғай берген жөн.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Зайсан ауданынан табылған табиғи газды өңдейтін зауытты Зайсанда салу бойынша Қытай жағымен арнайы келісім болғанын, алайда сол зауыттың құрылысын жүргізу кешеуілдеп жатқанын атап, қонақтарға осы шаруаны да назарға алуды тапсырды.

Облыс басшысының тағы бір айтқаны, ол – келер жылы Шығыс Қазақстанда Мемлекет басшысының келісімімен шағын ЭКСПО көрмесі өткізілмек. Соған қытайлық әріптестеріміздің келіп қатысуы. Себебі, оларда бұл жөнінде тәжірибе бар, оларда осындай көрмелер бұған дейін өткізілген.

Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы, Алтай аймағының басшысы Талғат Үйсін өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің айтқан барлық ұсыныстарын, оның ішінде шағын ЭКСПО өткізу жөніндегі бастамасын толығымен қолдайтынын, соларды іске асыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге ықыласты екенін жеткізді. Сонымен бірге ол екі шекаралық аймақтың экономикалық дамуында өзара ұқсастықтар көптігін атады. Әсіресе, техникалық құрал-жабдықтар жағынан алыс-берісті күшейтуге, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауға әбден болады. Шекараға жақын Жеменей ауданында көкөніс сақтауға болатын ірі қоймалар салынған. Дәл сондай қоймаларды Майқапшағай жағына да тұрғызуға мүмкіндік бар. Алтай округі басшысының айтқан ұсынысының бірі – ол біздің азаматтардың Қытайға үш күндік визасыз қатынап жүргені секілді, бұл жаққа да сондай мерзімде Қытай азаматтарының қатынауына рұқсат берілсе. Талғат Үйсін жақында Алтай аймағында басталатын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шығысқазақстандықтарды қатысып қайтуға шақырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373