Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3967 0 пікір 21 Қыркүйек, 2013 сағат 06:54

Доктрина Шығыс жұртының талқысында

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезіне дайындық басталып кетті. «Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық филиалы кезектен тыс конференциясын өткізді. Жиында «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы Өскемен қалалық партия филиалының жаңа міндеттері талқыланып, облыстық конференцияға делегаттар сайланды, шығып кеткен депутаттардың орнына қалалық мәслихатқа кандидаттар ұсынылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде: «Біздің партияның күш-қуаты – бірлікте. Біз берік бірлігіміздің арқасында ұлан-ғайыр жетістікке қол жеткіздік. Алдағы уақытта ауызбірлігімізді нығайта түссек, бұдан да биік белестерді бағындыра береріміз анық», - деген болатын. Қазіргі күнде бүкіл әлемге есігін айқара ашқан, бірлігі жарасқан елімізде табыс¬ты дамудың жеті факторы анықтал¬ған, олар: бірлік пен келісім, төл мәдениет пен руханият, қуатты экономика, әділ әлеуметтік саясат, зияткер ұлт, тиімді мемлекеттік басқару, әлемге ашық Қазақстан. Аталған құндылықтар әрдайым Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ мемлекеттік сая¬сатының тірегі екені белгілі. Оның кезең-ке¬зеңімен жүзеге асырылуы – Қазақстанның бас¬ты жетістігі.

Бүгін әлемде және Қазақстанда іске асырылып жатқан заманауи талаптар мен объективті үдерістер билеуші партия «Нұр Отанның» алдына қоғамдық және партиялық бақылауды күшейту, халықтың билікке деген сенімін нығайту, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда жүртты жұмылдыру бойынша міндеттер қойып отыр.

Партияның жаңа саяси доктринасында адам капиталының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Азаматтық қоғам тек қана мемлекетке иек артып қарап отырмайтын, ең алдымен өзінің күш-қуаты мен еңбекке деген сүйіспенші¬лігіне сенетін белсенді адамдардан тұруы тиісті.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков қатысты. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы Өскемен қалалық партия филиалының жаңа міндеттері туралы «Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Т.Қасымжанов баяндады.

«Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасы туралы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Қуандықов, «Қазақтелеком» АҚ директорының орынбасары Б.Зәкімов, «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі Т.Кагерманова, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, Өскемендегі №5 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің директоры Р.Енікеев өз пікірлерін айтып, халықтық-демократиялық партияның қоғамдағы күш-қуаты мен беделі күннен-күнге арта беретініне кәміл сенетіндерін жеткізді.
Сондай-ақ, облыстық конференцияға 110 белсенді партия мүшесі делегат болып сайланды және қалалық мәслихаттағы шығып кеткен депутаттардың орынына Әлия Досыбаева мен Сергей Коротиннің кандидатуралары ұсынылды.
* * *
«Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалының да кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімінің орынбасары Ерлан Текешов қатысты.
Семей қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Айбек Кәрімов «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа бағыттары, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасы, филиал жұмысы туралы баяндады. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жаңа саяси доктринаның негізгі 7 бағытын талдай келіп, Қазақстанның болашағы және өзі басшылық жасап отырған министрліктің жұмыстарына тоқталды. Мәселен, Қазақстанның шығысы мен орталығын жалғайтын негізгі күре жолды салуға арналған ауқымды «Астана-Шығыс» жобасы қолға алынған көрінеді.

- Осыған орай жолдарды жөндеу жұмыстары Павлодар, Семей, Өскемен бағыттары бойынша жүзеге асады, - деді министр. - Қазірдің өзінде тиісті жұмыстар басталып кетті. Павлодар маңындағы жолды жөндеудеміз. Сондай-ақ, Семей - Қалбатау бағытындағы күрделі жөндеуді одан әрі жалғастырамыз. Жоспар бойынша Шығыс Қазақстан облысы жолдарының 68 пайызы жөндеуден өткізілуі керек. Сондай-ақ, сандық телевизия, байланыс операторларының жұмыстарын жандандыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатыр.
Конференцияда сөз алғандар саяси доктринаның ерекше маңыздылығына тоқталды.

Шығыс-Ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351