КСРО туы құлыған күн...
Тарихтан белгілісі – 25 желтоқсанда сағат 19:00 таяу әмірі қазаққа ғана жүрген Михаил Горбачев «КСРО Президентінің КСРО Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының өкілеттігін тоқтатуы және КСРО Президентінің жанындағы Қорғаныс кеңесін тарату туралы» Жарлыққа қол қойды. Одан кейін Орталық телеарнаның тікелей эфирінен:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты қалыптасқан жағдайға байланысты мен КСРО президенті лауазымындағы қызметімді тоқтатамын. Бұл шешімді принципті түрде қабылдаймын... Мен сеніммен, даналықпен және рухтың күшімен өз орнымнан кетемін. Біз ұлы өркениеттің мұрагерлеріміз және қазір оның жаңа заманауи һәм лайықты өмірге қайта оралуы әрқайсысына байланысты», - деген болатын.
Сонымен, Мәскеу уақтымен 19 сағат 35 минутта КСРО жалауы түсіріліп, өзінің саяси өмір сүруін тоқтатты.
«Сол күні кешке екі ту түсірілді. Біріншісі Кремльдің бірінші корпусының үстіндегі – КСРО-ның және РСФСР президенттерінің резиденциясының үстіндегі байрақтар. Фотографтар дәл осыны түсіріп алды. Ал екіншісі - Министрлер кеңесі ғимаратының үстінде болды. Бұл 14-ші корпус, ол енді жоқ», -дейді РФ Мемлекеттік тарих мұражайының директоры Алексей Левыкин.
Осы фотоға түсірілгеннен кейін Власовшылар жалауы Мәскеу көкігінде КСРО жалауын алмастырып желбіреді.
Михаил Горбачев телеүндеуінен кейін «атом шамаданының» құпия кілтін сол кездегі Ресей Федерациясы президенті Борис Ельцинге табыстамақ болғанымен ол Горбачевтің сөзіне көңілі толмай, Кремльде емес, басқа бейтарап жерде табыста деп кергіп, кездесуден басын алып қашқан соң, Қызыл империяның алғашқы және соңғы призиденті амалсыздан өз қасынан бір елі қалмайтын қос полковникті шамаданымен КСРО қорғаныс министрі Евгений Шапошниковке табыс етті.
Соңғы қызыл патша қасындағы жанына жақын бес адамымен бірге Кремльдегі соңғы кешкі асын ішіп, оны мәңгіе тастап шықты.
«1991 жылғы 25 желтоқсанда Кеңес Одағы сияқты мемлекеттің тарихына нүкте қойылды. Қоғам, өкінішке қарай, сол кезде кезекті қайта атауды өзгерту болады деп ойлағаны да жасырын емес. Кремльдің үстінен кеңестік ту түсірілді, КСРО-ның ыдырауының тарихы орлмайтын мезет болды», - тарихшы Александр Шубин.
Екі күннен кейін «Правда» газеті: «КСРО Жоғарғы Кеңесі республикаларының Кеңесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты декларация қабылдады, онда КСР Одағы мемлекет және халықаралық құқық субъектісі ретінде өзінің жұмыс істеуін тоқтатады деп түйінделген»,- деп жазды.
Abai.kz