Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2166 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 07:40

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕУДІҢ ШЫРҒАЛАҢЫ

Қазақстанда Мәжіліс пен Сенатта мақұлданған «Еңбек мигранттары туралы» Заң жобасында этникалық қандастардың құқығын шектейтін баптар қызу талқыланып жатыр. Дегенмен биліктің ендігі қадамы қалай болатыны әзірге беймәлім. Алайда бізге шағымданған азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу процесі этникалық қазақтар үшін шырғалаңға айналғанына біраз болғанын айтады.

Мәселен, Гүлдәри Бошай есімді азаматша Моңғолиядан 2011 жылы келген екен. Содан бергі үш жылға жуық аралығында ҚР азаматтығын алу үшін қаншама құжат дайындап, қаншама шетел асып, қайтып келгендігін айтып шағынды. Оның әке-шешесі бұдан ертерек келіп, Ақмола облысының Астрахань ауданы, Қызылжар ауылына қоныс тепкен. Олар отбасымен Қазақстан Респбуликасының азаматтары. Денсаулығына байланысты олардан кешігіп жеткен Гүлдәри Бошай келгелі бері, Қазақстанда тұрақты тіркелу қияметке айналған екен. Сөйтіп, ол ата-анасымен бірдей дәрежеде Қазақстан Республикасының азаматы атана алмай жүр. Гүлдәридің немере ағасы Досай Әділхан көкшетаулық көші-қон полициясындағылардың шеттен келген қандастарының мұң-мұқтажына мұрнын шүйіріп қарайтындығын айтады. 

– Өйткені, – дейді Досай Әділхан, – Тұрақты тіркеуге тұру үшін дәл осылай ешкім сандалмаған болар. Басқа адамдар үшін тұрақты тіркелуге мекен-жай табылмай жатады ғой. Ал бұл қарындасымыздың әке-шешесі Қазақстанда тұрады, тұрақты мекен-жайы бар. Соған қарамастан жергілікті билік өкілдері оны тіркемей отыр. 

– Сонда сіздерге қоятын талаптары не?

– «Қазақ» екенін дәлелдейтін құжат, сотталмағаны туралы және келген елінің тұрақты тіркеуінен шығып келгені жайында анықтама қажет екен, – деп қамықты Досай. 

Гүлдәри Бошай осы уақыт аралығында уақытша тіркеуін создыру мақсатында әлденеше рет шетелге шығып, қайта кіруге мәжбүр болған. 

– Соңғы рет Қазақстаннан Моңғолияға барып келу үшін осыдан біраз бұрын ғана Ресей шекарасына барып, қайта оралдым. Бұған дейін жоғарыда аталған құжаттарымды әкелген едім. Алайда оларды жарамайды дейді. Қазір үш айлық тіркеуім аяқталып кет­кендіктен, Ресей шекарасында мені жібермей қой­ды. Не айыппұл төлейсің, не екі аптаға қамаласың деген соң, қайтып келдім. Қазір істер амалым қалмады, – дейді ол. 

– Сіздің құжаттарыңыз неге жарамсыз болып тұр?

– Мен ол құжаттарды Ұланбатырдағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елші­лі­гінен алдым. Бірақ, мұндағылар «жарамайды»­ дейді де қайтарып жібереді. 

Әңгімеге қайта араласқан Досай Әділхан көк­шетаулық Көші-қон полициясындағылар атал­ған құжатқа Моңғолиядағы Қазақстан елші­лігінде құжатты «кепілдендіретін» мөр ба­суы қажет деп отырғандығын айтады. 

– Ондай құжатты Көкшетаудан басқа еш­қандай өңірде талап етпейді. Сонымен қоса, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы визалық ке­лісім-шарты бойынша, моңғолиялық азамат­тар бұнда уақытша тіркелген соң, үш­ ай тұруға құқылы. Ал көкшетаулықтар оны әрбір ай сайын шақырып, уақытша тір­кеу­ді созып отырған. Оны жасап отырған Көк­шетаудың Астрахань ауданының Көші-қон по­лициясының қызметкері Аман деген адам. Ол кісінің бізде телефоны да бар. Хабарласып­ көруіңізге болады, – деді ол. 

Аман біздің қоңырауға жауап бергенімен, өзі­нің кім екенін айтудан жалтарып, біздің кім екенімізге сенбейтіндігін айтты. 

Бұдан кейін біз Ақмола облыстық Көші-қон полициясының баспасөз хатшысы Гүлнәр Темірханқызына хабарластық. Ол кісі мәселенің мән-жайын біліп беруге уә­де берген еді. Сол уәде бойынша бізге Ақ­мола облыстық Көші-қон полициясы бас­қар­ма төрағасының орынбасары Дулат Ысқақов хабарласып, мән-жайға қаныққан соң­, ол адамдардың өзіне келіп жолыққанын қалай­ты­нын айтты. 

Қазақстан заңдарында ата-анасы ҚР аза­маты, ал баласы шетел азаматы болған жағ­дайда жеңілдіктер қарастырылмаған көрі­неді. Оралмандардың «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы Рахым Айып:

– Біз адам құқығы жөніндегі халықаралық пактілердің бәріне қол қойдық, осыған байланысты халықаралық 6 пакт бар. Соның бірі – бөлініп-жарылған отбасыларға қатысты. Халықаралық заңдар біздің заңдардан жоғары тұрады. Онда ата-анасы азаматтық алса, балаларына кедергі жасалмауы тиіс, – дегенді айтады. 

Өзбекстаннан оралғанына жиырма жыл­дың жүзі болған Кеулімжай Құтты этникалық қазақ өкілдерін тұрақты тіркеуге алмау туралы арнайы тапсырма бар деген пікірде. 

– Басқа мемлекеттерді білмеймін, Өзбекстаннан келгендердің құжаттарын рәсімдеу өте оңай жүзеге асушы еді. Соңғы жылдары не түлен түрткенін білмеймін, Өзбекстаннан келген қазақтарды да тұрақты тіркеуге алмайтын болыпты. Менің немере қарындасым қалған еді Өзбекстанда. Аты – Гүлжанат Құттиева. Соны қоярда қоймай алып келгенмін, қазақ болыңдар деп. Тамыз айының 20-ларында келген. Бірақ содан бері оны тұрақты тіркеуге тұрғызу мұң болып тұр. Ташкентке екі рет барып қайттық. Себебі, «сотталмағаны туралы анықтама әкел» дейді. Оны ауданнан алып келіп едім, «жарамайды, облыстық анықтама қажет» деді, оны да әкеліп ем, «Ташкенттен әкел» деді, оны да алып келіп ем, ол да жарамсыз боп шықты. Қазір уақытша тіркеумен Қазақстан аумағында екі ай ғана тұруға рұхсат бар. Екі айдан кейін қайта сыртқа шығып, виза уақытын создырып келу керек. Сөйтіп ол Ташкентке барып келуге мәжбүр болды. Үш баласы бар, үшеуі де оқуы керек. Оған ИИН алуы керек, сөйтіп сандалып жүрген жайымыз бар, – дейді ол ашынып.

Қазақстанда оралмандарды тіркеудің сергелдеңге айналғанына екі жылдан асты. Бұрын Үкіметтің №1012 Қаулысы болған. Ол жалпы шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болуы туралы Қаулы еді. Былтыр Үкімет №362 Қаулыны қабылдады. Сол Қаулыда бұның алдындағы жазылғандай «этникалық қазақтарға бұл талаптардың қатысы жоқ» деген жалқы сөйлем алынып қалған. Сондықтан да, Қазақстан аумағында жеңілдікпен тіркеліп, жеңілдікпен азаматтыққа қол жеткізіп келген этникалық қазақтар осындай шырғалаңдарды басынан кешіруге мәжбүр. 

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458