Жексенбі, 24 Қараша 2024
1375 2 пікір 7 Ақпан, 2024 сағат 16:02

Білікті маман және дарынды ғалым

Қуандықов Бахытжан Жүрсінұлы 1974 жылы 9 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Белбасар ауылында, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті 1991 жылы бітірген.  1992 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың заң факультетіне түсіп, 1996 жылы аталған университеттің «Құқықтану» мамандығын бітірді.  1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің «Мемлекеттік құқық және басқару» мамандағы бойынша магистратураға түсіп, 1998 жылы бітіріп, құқық магистрі атағына ие болды.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігінің – Ұлттық ғылым академиясының мемлект және құқық институтына күндізгі оқу бөліміне аспирантураға түсті. Аталған аспирантураны 2001 жылы бітіріп, «Әйтеке Бәйбекұлының би ретіндегі қызметі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

1999 жылдың қыркүйегінен бастап 2011 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент міндеттерін атқарды. 2011-2012 оқу жылдарында аталған университеттің халықаралық қатынастар факультетінің, халықаралық құқық кафедрасында доцент қызметінде жұмыс жасады. 2013  жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметін 2023 жылға  дейін атқарды.

2002-2007 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы К 14А. 01.30 диссертациялық кеңесінің мүшесі болды.

Ғылыми зерттеу аясы - мемлекет және құқық тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы. Қазіргі таңда «Ноғай ордасының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның (Ұлы дала елінің) мемлекет және құқық тарихы» атты 10-томдық еңбекті әзірлеуде.

Әр жылдары ҚР БжҒМ қаржыландыратын мемлекеттік гранттардың орындаушысы: «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік: тарихы және тағлымы» (2000-2003 жж), «Қазақстан қоғамымен оның мемлекеттілігінің эволюциясы мен дамуының құқықтық мәселелері» (2003-2005 жж.), «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҰҒА-ның академигі, профессор С.З. Зимановтың басшылығымен «Қазақтың ата заңдары» 10-томдық фундаменталдық еңбекті әзірледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Құқықтану» (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде) оқулығын дайындауға қатысты.

Басылымдар: 4 монография, 4 оқулық, 15 оқу құралы, 100-ден астам ғылыми мақалалар мен конференция материалдары бар.

Б.Ж.Қуандықов мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері үшін төмендегі мемлекеттік және ведостволық наградалармен марапатталған:

  1. Медаль «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» (2014 ж.).
  2. Ауыл шруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР АШ министрінің Алғыс хаты (2015 ж.).
  3. Жамбыл облыстық соты мен ҚР Судьялар Одағы Жамбыл облыстық Филиалы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау шеңберінде «Ұлттық сана жаңғыру және тарихи тұлғалар өнегесі» тақырыбындағы ғылыми конференцияға белсенді түрде қатысқаны үшін Алғыс хат (2017 ж.).

Б.Ж. Қуандықов жоғары деңгейдегі білікті маман, ұлағатты ұстаз, әріптестері мен студенттерінің арасында үлкен құрмет пен беделге ие.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған Қ.Ә. Мәмидің басшылығымен дайынлаған «Қазақстан Республикасы Конституциясының энцциклопедиялық анықтамалығын» әзірлеуге қатысты. Биылғы жылға жоспарланып отырған «С.З. Зиманов энциклопедиясының» жауапты редакторы.

Бахытжан Жүрсінұлы, Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Сізді мерейтойымен құттықтай отыра әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.

Д.А. Турсынкулова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы заң ғылымдарының кандидаты, Ұлттық Заң академиясының академигі 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592