Дүйсенбі, 4 Наурыз 2024
46 - сөз 1170 1 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 17:08

Цифрлі теңге "жаңа экономика" құруға көмектеспек

Коллаж: Kazinform

Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті.

Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар.

Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз. Қазір Ұлттық Банк негізгі шаруаларын сәтті аяқтап, цифрлі тенгені жұмыс режиміне енгізді. Жоспар бойынша 2025 жылдан бастап цифрлі теңге барлық жерде қолданыла бастайды.

Онымен бірге, зейнетақы активтерін экономика мүдделері үшін тиімді пайдалану тапсырылды. Бұл өте жауапты жұмыс. Алғашқы транш, 173 миллиард теңгеге 13% кірістілікпен облигациялар орналастырылды. Одан халық та, экономика да ұтпақ. Халыққа зейнетақы жинағының жоғары табысы, ал экономикаға ұзақ мерзімді өтімділік келетін болады. Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, экономикалық эффектісі жоғары, болашақта жақсы пайда беретін жобаларды іріктейді. Егер көзделген 1,5 триллион теңгенің барлығына жақсы жобалар таба алсақ, ортақ кірістілігі жылдық 10 пайыздан асқан жағдайда, біз, болашақ зейнеткерлер, өте жақсы табыс алатын боламыз.

Айбар Олжаевтың жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 716
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 518
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 1079